+2 дауыс
3.5k қаралды
Қазақстанның діни басқармасының қызметкері болса, осы сұраққа жауап берсе екен. Себебі, Қазақстанның діни сайттарынан осы сөздер бойынша ақпарат таппадым.
Шебер Жалпы сұрақ сұрақ қойды | 3.5k қаралды

5 жауап

+1 дауыс
Жақсы Жауап
Аға оқытушы жауап берді
+1 дауыс
Вахаббизм негізі XVIII ғасырда пайда болған, діни-саяси ұйым. Вахаббизм бағытын ұстанушылар өздерін салафиттер деп атайды. Вахаббиттер қабір басына барып, дүниеден көз жұмған адамдарға арнап құран оқуға тыйым салады,оны өлгендерге табыну деп есептейді. Ал пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с)-ның туған күнін тойлауға қарсылық білдіреді.
Жаңа қолданушы жауап берді
Рождество мерекесінде дүркіретіп тойлайды.
христиандарға ұқсауға Пайғамбар с.а.с тыйым салды. ал туылған күнді христиандар тойлаған ал Пайғамбар с.а.с туылған күнін тойланбаған.далел осы емеспе
Мәулітті - "тойлау" емес, "еске алу" десек орынды болар.
Не десек те, сүннет пен Құранда жоқ әрекет. ТІпті біреулер үйінде дастарқан жайып, бір орынды Пайғамбарға деп арнайды. Сұмдық қой бұл.
"Кім де кім Исламда жақсы жол бастаса (салса, үрдіс қалыптастырса, ойлап шығарса), ол адамға сол істің сауабы және өзінен кейін сол жолмен қияметке дейін амал еткен барлық амалдардың алатындай сауап жазылады. ... " (Сахих Муслим, 2-том, 705-бет, "Дәру Ихиа'ит-турасил-араби баспасы", Бәйрут.) Демек, Сахих Муслимдегі бұл хадистен Пайғамбарымызан кейін қалыптасқан барлық істердің жаппай адастырушы бидғат емес екендігі, тіпті кейіннен қалыптасқан кейбір шариғатқа қайшы емес істердің өте сауапты іс екенін аңғаруға болады.
+2 дауыс
Ас Салям уа алейкум Айдос. Вахабизм және Саляфизм деген термин қазір қолданылып жүргені рас. Бірақ бұл сөздерді терең түсінбей жатып, жала жаба алмаймыз. Сондықтан бұл сөздердің мағынасын айтып кетейін. Мухаммад ибн АбдулУахаб(рахматуЛлахи алейхи) деген бір шейх болған. Ол шейхтің(рахматуЛлахи алейхи) "3 негіз" деген машАллах кітабы бар. Ол кітапты алып 60 немесе 70 жыл ақтарсаңыз да Құран мен сүннетке қайшы келер тұстарын таппайсыз. Ал саляфизм болса ол жайында толық мағлұматты мына жерден көре аласыз:https://surak.szh.kz/go.php?url=http://al-hanifiya.kz/forum/viewtopic.php?f=11&t=14&p=14&hilit=%D1%81%D3%99%D0%BB%D3%99%D1%84%D0%B8%D1%8F&sid=4a0ec25388b883426000dba0433e4e1b#p14
Жаңа қолданушы жауап берді
+1 дауыс
Түсінгенім мынау:

Егер біреуге дін туралы айтқандарыңыз ұнамаса, сенімен келіспесе, бірден "уахаббитсің сен" деп монитордың арғы жағында отырып дүрсе қоя береді. Ал шын өмірде кездессе, бұтына жіберген бала құсап, барлығын ішіне түйіп, ештеңе демей жүре береді.
Оқушы жауап берді
сізден қорқып, бұтыма жіберіп қойдым...
(адамның күлкісін келтірмеңізші)
Сіз сол вахабистсің деген адамға "вахабист" деген кімдер деп сұрақ қойыңызшы? Қалай жауап берер екен? Аллахтан қорқпай өз нәпсісімен, яғни өз ойымен жауап бере ме? Алде шын естіп немесе өз көзімен көргенін айтар ма екен?
+1 дауыс

"Анау-мынау" деп алысқа кетудіңеш керегі жоқ. Сабырмен, сыпайылықпен, нақты айғақпен (әрине, Құран мен суннадан) сөйлегендеріңіз жөн. Көпшілік мойындаған ғалымдарды қаралау үшін жасаған амалы мен жазған еңбектерін зерттеп-зерделеп шығуымыз қажет-ақ. Тіпті ол кісі жөніндегі қазіргі Ислам ғалымдарының пікірлерін білгеніміз жөн. Егер күйе жаққыңыз келген әлгі ғалым Құран немесе сүннетке қарсы келсе, ол бөлек әңгіме.

Оқытушы жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
Легенда Жаңа қолданушы Жалпы сұрақ сұрақ қойды | 142 қаралды
Сұрақ қою
115,335 сұрақ
291,824 жауап
152,583 пікір
58,428 қолданушы