+8 дауыс
3.5k қаралды
Құрметті бауырлар бұл жерге жергілікті диалекті сөздерді талқылап бір бірімізге сұрақтар қояйық! Су құятын ожаудан үлкен ыдысты бізде Шөміш дейді сіз жақта қалай?
Оқушы Тіл, Сөз сұрақ қойды | 3.5k қаралды

15 жауап

+7 дауыс
қайсы ыдысты айтып тұрсыз? дұрыстап түсіндіріп жіберсеңіз?

 

Бізде шәй демдейтін ыдысты шайнек дейді, ал коп жерлерде аққұман деп айтады
Студент жауап берді
+8 дауыс
Бізде бақыраш дейді))) Орал жақта)))
Оқушы жауап берді
+7 дауыс

"Шөміш" деп жазамыз, "чөміш" деп айтамыз smiley

Оқушы жауап берді
+7 дауыс
Шөміш деп ковшты айтамыз) Біз шығыстықтар
Оқушы жауап берді
Бізде батыста ожау дейді. Сондай-ақ көпшік дейміз, басқа жерлерде жастық дейді еен.
Жастық деген подушка еді))))))
+6 дауыс
Бізде бақыраш дейді, ал ожаумен сорпа сапырамыз! Ех, сорпа ішкім кеп кетті ғой! Әжемнің ыссы сорпаның буын бұрқыратып сапырып отырғаны есіме түсіп кетті.
Оқушы жауап берді
+5 дауыс
Атырау өңірі ожау дейді.
жауап берді
+5 дауыс
Шелек (Шалқар жақта) - Бақыр (Алматы жақта)

Қарбыз - Дарбыз

Жақсы - Айбат
Оқушы жауап берді
+6 дауыс

Бізде Маңғыстауда Шөміш Ожау қолданыста. Өз басым естіп жүрген сөздерім, Шалбарды Сым дейтіні бізге Маңғыстаулықтарға 1 түрлі естіледі. Анегдот бар біз жақта. 1 кісі Қазақстанның басқа облысында туратын кісі базарда шалбар сататын сатушыларға барып сымдарың шамамен қаншадан десе, әлгі сатушы: аға бұл жақта емес, сымды запчасть жақта сатады  депті. бізде Сым шалбар емес, орысша айтқанда провод ғой

Жаңа қолданушы жауап берді

 қызық екен!!!  angel

+5 дауыс

Ожау дейміз...

Студент жауап берді
+6 дауыс

 


 Oжау дейді. Батыста солай атайтын секілді.!)))
Мұғалім жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
Сұрақ қою
115,351 сұрақ
291,873 жауап
152,590 пікір
58,458 қолданушы