+3 дауыс
274 қаралды

Мысалы мысықты алып, тапаншамен атсаңыз - өлгенін өз көзіңізбен көресіз де, "өлді!" деген баға бере аласыз.

Егер мысықты ауасы саф, тамағы жеткілікті бөлмеге қамап кетсеңіз, "тірі!" деген баға бере аласыз.

Ал енді мынаны елестетейік. Мысық жәшікке салынған. Жәшіктің аузын жаба сала, кездейсоқ сандар генераторы іске қосылады. Егер мысалы, генератордағы сан 3557-ге қалдықсыз бөлініп, бірақ нәтиже 500-ден артық сан болса, улы газ бөлінетін болсын.

Енді сұрақ: мысық тірі ме, өлі ме?

Сырт көзге құйтырқылығына қарамастан, бұл үлкен ғылыми мәселе. Қазір ғылыми қоғамдастық мына нұсқаны таңдап отыр:

мысық - кванттық күйде, яғни бір уақыта тірі де, өлі де!

Жаңа қолданушы Информатика сұрақ қойды | 274 қаралды

6 жауап

+4 дауыс
өліп қалған болар осы уақытқа дейін....
Жаңа қолданушы жауап берді
+4 дауыс
499 - да әлі тірі.
Оқушы жауап берді
+3 дауыс

Кездейсоқ сандар генераторы шексіздікпен жұмыс істемейтін болар, сондықтан оның шекті мәні болу керек деп ойлаймын, мысалы 1-ден 10000-ға дейінгі сандар аралығынан кейдейсоқ санды таңдап алады деген сияқты. Сонымен бұл сұрақ дұрыс қойылмаған немесе жай ғана бас қатыру үшін қоя салған сұрақ.smiley

Оқушы жауап берді
Бауырым, беталды бірдеңені жоққа шығара бермей, арасында өзіңізге де күмәнданған жөн. Бұл баяғыдн бар мәселе, <a href="https://surak.szh.kz/go.php?url=http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D1%82_%D0%A8%D1%80%D1%91%D0%B4%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D0%B5%D1%80%D0%B0">Шредингер мысығы</a> деп аталатын ойша эксперименттің басқаша түрі.
Автомат қай аралықты таңдаса да, 3557 санына қалдықсыз бөліну ықтималдығы random(n) шексіздікке ұмтылған сайын өсе беретіні былай да түсінікті.
Сізге ақылым: оқы!
+4 дауыс

Мышықтың 8 және бар, 8-1=7 Онда тірі ғой әлі. Не болды сонша мышықты қинап деймін да crying

Белгісіз жауап берді

Менде келісемін,несі бар мысықта иа! өздерін солай қинаса қандай болады?!Мысықтың не жазығы бар!!!!!!!sad

Мысық өліп қалған шығар.

+2 дауыс
егер кздейсоқ сан генераторы 1782057 ге немесе 1782057+3557*і (мұндағы і- натурал сан) ге тең болса мысық өледі, қалған жағдайда тірі қалады....
Студент жауап берді
0 дауыс

Мына есепті құрастырған адамның дені сау  ма? Әлде бұл сұрақ ересектерге арналған ба? Балаларды қатыгездікке баулитын сияқты!

Мұғалім жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
1 жауап
Yerlan_Ospan Жаңа қолданушы Информатика сұрақ қойды | 49 қаралды
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
Сұрақ қою
115,350 сұрақ
291,873 жауап
152,590 пікір
58,458 қолданушы