+4 дауыс
1.8k қаралды
Қазақпыз деп мақтанамыз. Бүгін бір өте тамаша кісімен әңгіме айтып отырған едім. Ол кісі маған былай сұрақ қойды. Қазақша оқып жүрсіндер ғой: Свежий нан -күнделікті қолданатын сөзің, қазақшасы қалай болады деп қалды. Ойыма ешқандай аудармасы келмеді. Свежый нан қазақша қалай болады.
Данышпан Жалпы сұрақ сұрақ қойды | 1.8k қаралды

5 жауап

+5 дауыс
Жақсы Жауап
Негізі свежий дегенді балғын деп аударған, және аудармаларда солай деп те көрсетілетін сияқты, бірақ балғын нан деген біртүрлі естіледі.
Жаңа қолданушы жауап берді
Балғын нан естуге ыңғайлы екен. Мен енді жүрген жерімде осылай атап  жүрейін.
балғын сөзі жас деген сөзбен мағыналас
Балғын сөзі жас, жаңа дегенді білдіреді.Бірақ балғын нан деген мүлдем келіспейді.Балғын шөп деуге болады,немесе балғын дене деуге болады.Мысалы, қарт, кәрі сөздері синоним болғанымен екеуін мағынасына қарай қолданады.Мысалы , кәрі ат деуге болады, бірақ қарт ат деуге болмайды.Балғын нан деген де сол секілді ғой.
+6 дауыс
Жана піскен нан немесе ыстық нан.
Оқушы жауап берді
Жауаптар қанағаттандырмады. Ыстық нан ол горячий хлеб емес пе?
-Жаңа піскен нан бар ма ?-десе түсінеді.
Нанның ыстық болуы оның свежий екенін білдірмей ме?
+5 дауыс
Жаңа піскен нан немесе ыстық нан деген дұрыс сияқты. Балғын нан деп қолдану ауызекі тілде ыңғайсыздау естіледі!
Оқушы жауап берді
+5 дауыс
Әдетте дүкенге барған кезде, "Нандарың бүгінгі ма? Әйтеуір қатып қалған емес қой?" деп сұраймын.

Бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударылатын сөздер де болады, аударылмайтын сөздер де болады. Орыста қанша сөз бар болса, бізде де сонша сөз бар болуы міндетті емес.
Оқушы жауап берді
Нанды балғын қылып пісіріп жейміз.
Жақсы болған екен :)
Жақсы болғанда қандай! :)
+3 дауыс
Свежий нан қазақша Жұмсақ нан ғой.
Шебер жауап берді
немесе солай деуге де болады.

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
Сұрақ қою
115,343 сұрақ
291,861 жауап
152,587 пікір
58,447 қолданушы