+5 дауыс
3k қаралды
Осы тақырыпқа байланысты СӨЖ жазу керек еді.
Данышпан Заң сұрақ қойды | 3k қаралды

3 жауап

+1 дауыс
WWW.ZAKON.KZ деген сайт болған.
Оқушы жауап берді
+1 дауыс
Қараша айының аяғында жаңа заң қабылданды.Білетінім,қазір кәмелетке толмай қылмыс істесең,ешқандай аяу болмайды.)

Казправдада бар))))
Оқушы жауап берді
+2 дауыс
1997 жылы 16 шілдеде (№167-I) қабылданған  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің,  Ерекше бөлімінің 2-тарауында "Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар"  деп жеке тарау берілген.

Кәмелетке толмаған қылмыскер жайлы айтатын болсақ, қазіргі таңда кәмелет жасқа толмаған балалар арасында қылмыс көбейе түсуде. Оның көбі ұрлық, тонау, қарақшылық секілді мүліктік тұрғыдағы қылмыстар. Сонымен қатар, жиі кездесетіні бұзақылық болып отыр.
 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жаза тағайындауына Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің жалпы бөлімінде бөлек тармақ арналған. Бұл кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары, жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық дамуының ерекшеліктеріне, әлеуметтік деңгейінің жетіспеуіне, психофизикалық жас жағының жетіспеуіне, мораль туралы пікірінің төмендігіне, мінез-құлқының ерекшеліктеріне, жасы үлкен адамдардың және формальды емес лидерлардың ықпалына түсуіне байланысты.
ҚР-сы ҚК-нің 78-бабына сай кәмелетке толмағандар деп - жасы он сегізге толмаған тұлғалар танылады. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстық істі қарау кезінде, сот оның жасын (күні, айы, туған жылын) дұрыс анықтау үшін барлық шаралар жасауға міндетті. Қылмыскерлердің жеке басы туралы, оның тәрбие, оқу, жұмыс жағдайын толық білу үшін, сот мәжілістеріне олардың заңды өкілдерін, еңбек ұжымының, оқу орнынан және тұрғылықты тұратын жерінен өкіл, сонымер қатар, кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекция өкілдерін қатыстыру қажет.  Қылмыстардың толық, түпкілікті тізімі ҚР-сы ҚК-нің 15-бабында қарастырылған. Қылмыстық іс-әрекеттердің қоғамдық қауіптілік деңгейі олардың кәмелетке толмағандар арасында тарауы және олардың мұндай жас кезінде жасаған қылмысының іс жүзіндегі сипаты мен ауырлығын ұғынып, түсіне алуы ескерілген. Бұл қылмыстар тізіміне, тек қана қасақана, соның ішінде кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар (адам өлтіру, зорлау, терроризм, адамды кепілге алу және т.т.) енгізілген. Осы қылмыстарға қатысты кәмелетке толмағанның жауаптылығы 14 жастан басталуы қарастырылған. 14 жасқа дейінгі балалардың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына жол берілмейді.
Заң шығарушы айтылған қылмыстардың қоғамдық қауіптілігін 14 жасқа толғандардың түсінуін, сезінуін ескере отырып, жоғарыдағы тұжырымға келген. Сол себепті, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға кейбір жағдайларда қатаң жаза тағайындалуы тиіс.
Сонымен қатар, сот тәжірибесінде кәмелетке толмағандарға қатысты үш талап орындалған жағдайда, яғни мыналар: 1) қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасағанда; 2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағанда; 3) тұлғаның түзелуіне мүмкіншілік бар жағдайда қылмыстық жаза қолданбау тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану негізі болады.
Кәмелетке толмағандарға ҚР-сы ҚК-нің 49-бабына сай өлім жазасы және ҚР-сы ҚК-нің 48-бабына сай өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды.  Егер тұлға үкім шығару кезінде 18 жасқа толмаса да бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, онда олар жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына жіберіледі.
Сонымен, кәмелетке толмағандарға жасалған қылмыстары үшін келесі:
а) айыппұл
б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру
в) қоғамдық жұмыстарға тарту
г) түзеу жұмыстары
г-1) бас бостандығын шектеу
д) бас бостандығынан айыру жазаларының түрлері жатады.
Бүгінгі таңдағы елдің ертеңі деп сенген жастардың қиын тәрбиесі негізінде, сот өз міндеттеріне немқұрайлы қараған балалардың ата-аналарымен көшеде бақылаусыз, қараусыз қаңғып жүріп, балалықпен, түсінбеушілікпен әртүрлі қылмысқа ұрынып қалмауы үшін тәрбиелік мәні бар әңгімелер өткізу қажеттігін,  оқушыларға полиция қызметкерінің қатысуымен әртүрлі лекциялар мен кездесулер ұйымдастыру керектігін ескерген жөн.
Жоғарыдағыларды тұжырымдай келе, кәмелетке толмағандар қылмыс, қылмыскер деген ұғымдарға онша мән-бере бермейді. Көбіне сот үстінде балалықпен жасалған іс екендігін айтып қынжылады. Сондықтан барлығымыз жұмылып тәрбие мәселесіне қатты көңіл аударуымыз керек. Бос уақыттарында әртүрлі үйірмелерге қатысып, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасағанымыз дұрыс. Сондықтан, ата-ана бала тәрбиесін мектепке жүктемей, өздері де айрықша көңіл бөліп отыруы тиіс. Осы тұста дана қазақ «Тәрбие басы-тал бесік» деп қате айтпағаны бесенеден белгілі. Бір рет қылмысқа барған баланың болашағы не болмақ? «Не ексең, соны орарсың»,-деген сөздің мағынасын кеш болмай ұғынғанымыз дұрыс. Тәрбие бар жерде қылмыс та аз болмақ. Ендеше, ата-аналар қылмыспен бірге күресейік!
Оқушы жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
2 жауап
Сұрақ қою
115,335 сұрақ
291,824 жауап
152,583 пікір
58,428 қолданушы