+10 дауыс
15.2k қаралды

Жақында үйге күшік әкеліп едім. Атын не қоярымды білми басым қатып жүр. Тұқымы төбет, қара күшік. Жақсы ит атаулары болса айтсаныздар

Жанұя сұрақ қойды | 15.2k қаралды

29 жауап

+15 дауыс
Жақсы Жауап
Күшіктің атын икемі мен амалына қарай қойсаңыз дұрыс болады. Бірақ, варианттар бар...айтып көрейін. Мысалы: Елеңдеп, сақ жүретін ит болса Саққұлақ, Итке тән қасиеттері болса....Арлан, Бөрібасар деген атта жаман емес... ол да ұсыныста бар екен, Мұхтар деп қойсаңызда болады, мүмкін бейне фильмдегі (актер) иттерге ұқсап қалар.
Оқушы жауап берді
барбос.   соня. актос . белка. стрелка деген аттар унайды. сыздерде койып корыныздер.
+13 дауыс
Бөрібасар. Ең тамаша ат. Маған баяғыдан ұнайтын ат еді. Ұнаса қойып көріңіз.
Данышпан жауап берді
+14 дауыс
Қабанбай бабамыздың ізбасар деген жақсы иті болған сол сияқты төбет болсын деп ізбасар қойыныз.
Оқушы жауап берді
+12 дауыс
басқан жері құтты болсын деп Құттыаяқ қой
Студент жауап берді
+13 дауыс
Жолды деген ат жақсы.
Оқушы жауап берді
+13 дауыс
Сырттан деп атасан болады, "Жігіттің сұлтаны, иттің сырттаны" деген сөз бар гой
Оқушы жауап берді
+12 дауыс
Саққұлақ, Майлыаяқ, Барыс, Құтжол... ой көп қой... түр-түсіне қарап қоюға да болады - Мойнақ, Ақтөс, Ақтабан.
Оқушы жауап берді
+13 дауыс
Көкжал деп қойыңыз,жақсы ат.
Жаңа қолданушы жауап берді
+13 дауыс
Құтжан,Арлан,Саққұлақ))
Оқушы жауап берді
+15 дауыс

Суретін салсаңыз, бәріміз жабылып әп-әдемі ат та тауып береміз ғой!

Оқытушы жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
iko Жаңа қолданушы Жануарлар сұрақ қойды | 211 қаралды
+2 дауыс
3 жауап
Анти-хакер Мұғалім Жалпы сұрақ сұрақ қойды | 433 қаралды
Сұрақ қою
115,351 сұрақ
291,873 жауап
152,590 пікір
58,458 қолданушы