0 дауыс
23.5k қаралды

Сабақтас құрмалас сөйлемге 5 мысал?

Тіл, Сөз сұрақ қойды | 23.5k қаралды

4 жауап

+2 дауыс
Жақсы Жауап
Мысалы , , Сараның сәлемін айтқанда, Иманмұса жылы ұшырай жымиды .

Қыс келсе де , қар жаумады .

Екі қолы дірілдеп , Оспан ішке кірді .

Күн жылы болғандықтан , біз серуенге шықтық .

Далада жаурағанша , үйде отырайық .
жауап берді
+2 дауыс

Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.

жауап берді
0 дауыс
1)Жауын жауып кетсе, үйде отырамын. 2)Біркелкі оралған өрнекті шиді шым ши деп атаса, бұл шиді кейде " жез ши " деп атайды. 3)Ол келмейінше, той басталмайды. 4)Шындықтың бетін ашпайынша, жарғақ құлағы жастыққа тимеді. 5)Бұл оқиға діл осы күндердің өзінде тыным алмай, ұзын құлақ арқылы тамам Тобықтыны шарлап шықты.
No name жауап берді
0 дауыс
1)Бұл оқиға діл осы күндердің өзінде тыным алмай, ұзын құлақ арқылы тамам Тобықтыны шарлап шықты. 2)Жауын жауып кетсе, үйде отырамын. 3)Біркелкі оралған өрнекті шиді шым ши деп атаса, бұл шиді кейде " жез ши " деп атайды. 4)Ол келмейінше, той басталмайды. 5)Шындықтың бетін ашпайынша, жарғақ құлағы жастыққа тимеді.
No name жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Сұрақ қою
111,092 сұрақ
283,547 жауап
149,599 пікір
54,043 қолданушы