+8 дауыс
1.5k қаралды

Менің пікірім: ол үшін дүкенде, көшеде, т.б. орындарда басқа ұлт өкілдеріне қазақша сөйлеуіміз керек сияқты. Олар бір нәрсе сұраса қазақша жауап берсек. Түсінсе, түсінді, түсінбесе, өзінің мәселесі. Ал біз, қазекеңдер, басқа ұлт өкілдері бір нәрсе сұраса, соған орысша жауап беруге дайын тұратынымыз өкінішті. сондықтан менің пікірімді оқыған адамдар, талпынып көріңіздер. өкінштісі, мен өзім де осыған үйрене алмай жүрмін.  

Оқушы Тіл, Сөз сұрақ қойды | 1.5k қаралды

12 жауап

+10 дауыс
Жақсы Жауап
Қазақша білмейтіндерге мансап үшін қазақша біл деген талап қойса.Сосон қырсықтық философиясын қолдану,орысша сөйлеген қазақпен тек қазақша сөйлесу.
Оқушы жауап берді
+9 дауыс
Қазақстанның экономикасын көтеруіміз керек. Сонда барлығы біздің тілде сөйлегісі келіп кетеді)))
Оқушы жауап берді
+7 дауыс
Қайдам қазіргі таңда басқа ұлттар емес өзіміздін қазақтар өзге тілді сойлеп қазақшаны қиналып сойлеп күйдіріп жатыр гой. Қазіргі орыстарын қазақшаны судай біледі.
Оқушы жауап берді
Біліп тұрып суға сиетін адамдар да баршылық. Қазақшаны керемет білсе де орысша сөйлейді.
экономикада тұрған ештеңе жоқ. Мселе заңда болып тұр.
Ия. Заңның жарлығы қажет! 20 жыл толады осы жылы егемендігімізге. 20 жылда аю, маймылды да қазақша сөйлетіп үйретуге болады! әрине билік басындағыларда ғой сол заң!
+9 дауыс
Кез-келген мәселені шешу үшін бос сөзді, ақыл айтуды, кеңес беруді қойып, іс жүзінде істеу керек.
Жаңа қолданушы жауап берді
+7 дауыс

Қазіргі қоғамға ештеңе істей алмайсың. Бірақ әлі де кеш емес. Оны алдымен бала-бақшадан бастау керек. Бізде  бала-бақша, мектеп, ЖОО барлығы 2 бөлім бар, орыс-қазақ бөлімі, қазір оған ағылшын тілі қосылды. Рухани қазақша тәрбие, ұлтын сүйіп барып қана біз қазақ тілінің қадірін жоғарылатып, сыйлай аламыз. Әйтпесем, өз тілін сүймейтін қазаққа қазақ тілі керек бомаса, өзге ұлт өкілдерін қалай сөйлетпекшіміз?

Белгісіз жауап берді
Бала -бақшадағы тәрбиені 1991 ж бастап реттеу керек еді. Қазіргі әрекеттеріне де шүкіршілік!!
Қазіргі әрекет?... хыхы.. күлкімді келтірмеңізші, қазір не әрекет істеп жатыр ...не?
+8 дауыс
шынтуайтын айтсақ, алдымен мұқтаждық керек... яғни, қазақ тілін білуге мұқтаж ету керек. Мәселен, қызмет көрсету салаларын түбегейлі қазақшалау керек еді.. Шаштаразға кеп тұрып, түсіндіруге тілі жетпей, жәй ғана шашын қысқарта салудың орнына шаштараз орта белінен ойсыратып алып тастаса... көрер ем сосын.... немесе Балтық жағалауы елдеріндегідей ана тілінде кеп сұрамаса, нан сатпай қойсын... Сайып келгенде, бұл биліктің бір -ақ күннің ішінде шешіп тастайтын шаруасы. Өзімізді алдамай-ақ қояйық, бұған уақыт керек деп... әбден сиыр құйымшақтанып кеткен тіл мәселесіне үлкен бір НҮКТЕ қоятын кез келді ғой... Әрине, бәрі бір ақ күнде сайрай жөнелмес, оның нәтижесін бір-екі жылда анық аңғаруға болады кейін. Бір Жарлық жетпей тұр, қысқасы...
Оқушы жауап берді
Келісемін. Нақты іс жасайтын заң керек!!!
+7 дауыс
Менің ойымша қатал заң қабылдану керек,және әр жанұя қожайыны өз жанұясынан бастау керек.Әитпесе сол орыстардың мазағы болып қала береміз.Өй ол қазақ деген өз тілін білмейтін мәңгүрттер дегеннен құдай сақтасын.Өз тілімізді,дінімізді құрмет тұтып,өз елдігіміз ,егемендігіміз,имандылық жолында күресе білейік.
жауап берді
+7 дауыс

Бізде заң бар. Бірақ оны орындайтын халық пен орындататын мекеме жоқ. Саясатымызды сайқал мінезділіктен арылтпайынша жаппай қазақша сөйлеу қиын.

Оқытушы жауап берді
+5 дауыс

Ешнәрсе істеудің қажеті жоқ.Қазақтар қалаған тілдерінің бәрін еркін игеруі керек,бірақ өзара қазақша,тек кана қазақша тілдесуі керек.Өзге ұлттарға еш қысым жасалмау керек,"сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды "-деген аталарымыздың сөзі бос айтылмаған.Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессек олар өзі ақ ілеседі.Қазақ тілі ешқашан өлмейді,бұданда қиын кезеңдерден өткен.Тек тілді ұпай жинау үшін саяси додаға айналдырмау керек,ол бір парықсыз топтардың мүддесі үшін ғана керек нәрсе.Тіл тек қана қалада деп ойламау керек,Қазақ тілінен басқа тіл пайдаланылмайтын ауылдар толып жатыр.Қалада да,ужас,ну что деп жүрген жастардың бәрі дерлік ауылдықтар.Олар тілді ұмытқаннан емес,еліктеуден солай істеп жүр.Сол  айтқан сөздерінің мағанасын да білмейді,көпшілігі.ҚАЗАҚ   ҚАЗАҚПЕН ТЕК ҚАНА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕСЕЙІК.  сонда бәрін де жеңеміз.

Данышпан жауап берді
+6 дауыс

Ой пікірлеріңіз дұрыс қой. Мәселе патриоттықта болып тұр. Яғни бірінші ана тілге деген құрмет болу керек. Және бір қоса айтар жәйт, бір жерден оқыған едім, күнделікті өмірде өзіміздің қазақша сөйлейтін қазақтар қарапайым банкоматты қолданғанның өзінде орыс тілін таңдайды. Осыны дұрыстасақ теңізге қосқан тамшымыз болар деп ойлаймын.  

жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
2 жауап
+4 дауыс
8 жауап
бейтаныс Жаңа қолданушы Тіл, Сөз сұрақ қойды | 417 қаралды
Сұрақ қою
115,351 сұрақ
291,873 жауап
152,590 пікір
58,458 қолданушы