+5 дауыс
5k қаралды
Адамдар көп ұйықтаса ол зиян емес па?
Оқушы Өмір, Тіршілік сұрақ қойды | 5k қаралды

9 жауап

+3 дауыс
Жақсы Жауап

Шындығында да, ұйқы адам өмірінде үлкен маңызға ие. «Ұйқыңыз тыныш болсын» деп тілек айтуымыздың өзі бекер емес. Біле білсек, күні бойы сергек жүруіңіздің өзі тірлігіңіздің тындырымды болуына септігін тигізеді. Алайда түнде «түлен түртіп» жүретіндер де баршылық. Қалай айтқанда да мидың тыныштығы - ағзаның бірқалыпты дамуы деп тұжырым жасауға болады. Ал бірақ күнделікті арпалыс тіршілік ойдың да, бойдың да бірқалыпты демалуына мүмкіндік бере бермейді ғой.

Жаңа қолданушы жауап берді
+2 дауыс
мынау "өмір, тіршіліктің" емес "денсаулық" бөліміне қоятын сұрай қой

өзім ұйықтағанды жақсы көрем. бірақ соңғы кезде ұйқым қанбай жүр. көп ұйықтаған денсаулыққа пайдалы шығар, бірақ өмірдің көп қызықшыжығынан қалып қоясың :)
Оқушы жауап берді
+1 дауыс
Зиянын қайдам, бірақ адам 20 жылын ұйқыға жұмсайды екен. Ұйықтаған жақсы, адамның бүкіл денесі, мыйы дем алады. Адам егер 2- күндей ұйықтамаса ауруға шалдығады.
Данышпан жауап берді
20 жылды кайдан мен оданда коп уйыктайтын сияктымын гой
адам баласы орташа 29000 күн өмір сүреді екен. Оның 35 % ұйқыда болады екен, шамамен  он мың күн. Сонда ояу өмір сүретін уақытымызды күнмен саралағанда, 20000 күнге жетіп жығылады екен...
+2 дауыс
Көп ұйқы кез келген адамға жау!
Оқушы жауап берді
дурыс айтасыз, уйкы адамнын жауы
+2 дауыс
Қазақ "Үш арсыздың" бірі ретінде таниды ұйқыны...Арсызы -  арсыз... Ех, бірақ тәтті ғой. Мен оқыған бір қызық дерекпен бөлісе кетейін, түскі 12.00-14.00 сағат аралығындағы 15 минуттық ұйқының энергиясы адамның түнгі мезгілдегі 8 сағаттық ұйқысына пара-пар екен. Ұйқының тыныштығы, қанықтығы күні бойғы сергектігіңнің кепілі болса, сергек адамның ісі де тындырымды болады. Ұйқыңыз тыныш болсын!
Оқушы жауап берді
+2 дауыс
Сенбі,жексенбі күндерден басқа күні ұйқым қанған емес,жұмысқа үнемі кешігіп келемін.Бастық іздеп қалса,бірде ауырып жатыр,енді бірде мектепке жұмыспен кетті т.б. сылтаулар айтып жатады әріптестер.Сколько можно,-деп ренжитіндер бар,бірақ ешкім мені түзей алмады,қазір бастыққа кезекті сылтау айтса,өтірік ,ол ұйықтап жатыр,оятыңдар!!!-деп айқайлайды,осылай дүрлігіс.
Оқушы жауап берді
+1 дауыс
Ұйқының маңызы зор. Өйткені адам ұйықтаған кезде миы демалып, күндізгі істеген істері,айтқан сөздері, естіген оқиғалар реттеледі. Өзім ҰБТ тапсыратын жылы уақытты үнемдеймін деп 1-2 рет түнде ұйықтамай көргем. Бірақ келесі күні бірден ұшып түстім де, түнгі ұйқының маңызды екенін түсіндім. Ерте жатып, ерте тұрсақ,  уақытты үнемдеуге де,  ұйқыны қадыруға да  болады екен.
Аға оқытушы жауап берді
+1 дауыс
Ұйқысыз болмайды,бірақ ұйықтай берген де дұрыс емес сияқты(
Оқушы жауап берді
+1 дауыс

"Ұйқы - өлімнің бауыры" деген хадис бар.

Оқытушы жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Сұрақ қою
115,343 сұрақ
291,861 жауап
152,587 пікір
58,447 қолданушы