+6 дауыс
1k қаралды
Соңғы кезде кітап оқығым келіп жүр. Қазіргі өмірден алынған, осы кезеңді суреттеп беретін шығарма оқысам ба деп едім. Сіз қандай жазушының шығармасын ұсынасыз!
Мұғалім Кітап, Әдебиет сұрақ қойды | 1k қаралды

11 жауап

+3 дауыс
Жақсы Жауап
Ол өзіңіздің талғамыңызға байланысты деп ойлаймын. Егер тарихи шығармалар ұнатсаңыз І.Есенберлиннің "Көшпенділері" сонау қазақ хандығының құрылу тарихын, тағдырын шебер суреттейді. Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" "Москва үшін шайқас" атты кітаптары қазақ әдебиетінің ерекше туындылары деп санаймын. Ал егер сіз өміріңізге өзгеріс әкелетін, өз өзіңізге сенімділік, достық, қарым-қатынаста дұрыс бағдар беретін кітап іздесеңіз бұл әрине Дейл Карнегидің кітаптары
Жаңа қолданушы жауап берді
Дейл Карнегидің қазақша кітаптарын қайдан табуға болады?.Сіз айтқаннан кейін,қатты қызығып кеттім!
KOOB.RU САЙТЫНАН ТАБА АЛАСЫЗ ЖӘНЕ ДЕ ҚАЛАҢЫЗДЫҢ КІТАП ДҮКЕНДЕРІНДЕ САТЫЛАДЫ.
+4 дауыс
Мұхтар Мағауиннің "Сарқазағы" мен "Шақан шерісі" жалпы осы кісінің барлық шығармасын.
Әзілхан Нұршайықов "Махаббат қызық мол жылдар"
Джек Лондон "Мартин Иден"
Жасөспірімдерге Бердібек Соқпақбаевті ұсынамын
Оралхан Бөкейдің шығармалары керемет
Жаңа қолданушы жауап берді
Достым Әзілхан Нұршайықов "Махаббат қызық мол жылдар" осы кітапты қайдан алуға болат?
Шақан шер -жақсы кітап!
+3 дауыс
Бауыржан Момышұлының „Айтылмаған ақиқат„ кітабын оқысаң,қазақтың атақты адамдары туралы пікілері тым өткір,әрі тосын.Кәдірбек Сегізбаевтың„Жап жасыл әлем„деген кітабы бірден тартып әкетеді.
Оқушы жауап берді
–1 дауыс
Островский - "Гроза",

М.Ауезов - "Абай жолы",

жане де ен керемет шыгармалар Аким Таразидын шыгармалы! Окыныз окинбейсиз омирде!
жауап берді
"Махаббат, қызық мол жылдар" қазір ескірді, мәнін, мағынасын , құнын жоймайтын еңбектер Момышұлыныкы, Майлиндікі.
Армимнин коз карасына байланысты№Озиме унайтын осындай шыгармалар!
–2 дауыс
Эрих Мария Ремарктын "Три товарища".Өте қызық роман.Бірақ қазақ тіліндегі аудармасын көрмеппін.
Жаңа қолданушы жауап берді
Мен Мақатаевтың өлеңдерін оқып,сосон тек қазақ тарихына байланысты деректерді оқи берер едім,оқи берер едім,кезінде кітап көп оқитынмын,қазір болған оқиғаларды ғана оқығым келеді.Қабдеш Жұмаділовтың „Таңғажайып дүние„ кітабы да қызықты.Сайын Мұратбековты оқып қойған шығарсыздар,олда қызықты жазады.Бердібек Соқпақбаев енді нағыз ұлы жазушы.Достоевскийдің „Қылмыс пен жаза„кітабы қызық жалпы,сосон Драйзердің Сестры Керри„деген кітабы атын қате жаздым-ау деймін жақсы.
+1 дауыс

Смағұл Елубайдың "Ақ боз үйін" оқуды ұсынар едім. Тарихи кітап болса да, тәп-тәуір.

Оқытушы жауап берді
Маған дәлелсіз тиісуді доғарсаңыз қайтеді? Біріншіден, мен тарихи кітаптарды нашар деп айтпадым. Екіншіден, сіз алдымен жауапқа емес, сұраққа үңіліп көріңізші: "...қазіргі өмірден алынған, осы кезеңді суреттеп беретін шығарма оқысам ба деп едім..." деген сөйлемді оқымаған секілдісіз. Міне, мен сол бір сөйлемге бола "тарихи кітап болса да..." дегенді қостым. Себебі, оның сұрағаны - қазіргі өмірден алынған кітап, ал менің ұсынғаным - тарихи кітап. Түсінген боларсыз?
Басқалардың жауабында еш шаруам жоқ. Мен өзім үшін, өзімнің сөзім үшін жауаптымын. Сұрақ қалай қойылды - мен де соған ыңғайлы жауап беремін.
–1 дауыс
Дерсу Узала-деген кітап оқысаңыз өте жақсы әсер аласыз.
Жаңа қолданушы жауап берді
+3 дауыс

Абайдың қара сөздерін оқышы, осында қойылған барлық сұрақтарға жауабын аласың ж\е кішкене ой түйесің өзіңе! yes

Белгісіз жауап берді
+2 дауыс

Шыңғыс Айтматовтың "Қызыл алмасы" мен "Жәмилә" кітабын сонымен қатар Әзілхан Нұршайықовтың кітаптарын ұсынамын. Бердібек Соқпақбаев пен Сайын Мұратбековтың кітаптары да өте қызықты.

Мұғалім жауап берді
0 дауыс

Әлемдік деңгейде болса "гарри поттерді" оқуга кеңес берер едім!Ал қазақша болса "Махаббат қызық мол жылдар","Ұлпан","Ботагөз","Алғашқы ұстаз" кітаптары өте жақсы!Және де Лира Қоныстың "Мәңгілік сағыныш" кітабы жеңіл жазылған,өте жақсы!

Жаңа қолданушы жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
Сұрақ қою
115,343 сұрақ
291,861 жауап
152,587 пікір
58,447 қолданушы