0 дауыс
15.5k қаралды

ар, ұят, намыс деген ұгымдарга анықтама.... тез арада

Тіл, Сөз сұрақ қойды | 15.5k қаралды

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы Жауап

«Ұят - жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық.
Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: «Ар - адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді.
Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Өзін-өзі танудан бастау алған адамның рухани ізденісі оның қоршаған ортасын меңгеруіне ұласады. “Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы” деген қағидадан көрініс тапқан, яғни ар-иманның қадірін білумен айқындалатын намыстың бір түрі адамның адамдық келбетін айқындайтын асыл қасиеті. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық иман, ар-ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шын мәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз.

жауап берді
0 дауыс

https://surak.szh.kz/go.php?url=http://www.kazakhadebieti.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6552&Itemid=36 Осы жерден толық мағұлмат ала аласыз.................

жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
–1 дауыс
4 жауап
0 дауыс
2 жауап
Өмір, Тіршілік сұрақ қойды | 192 қаралды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
8 жауап
+3 дауыс
8 жауап
Сұрақ қою
111,064 сұрақ
283,509 жауап
149,578 пікір
54,018 қолданушы