+2 дауыс
7.1k қаралды

Арықтау үшін не істек керек? Бұл менің сұрағым емес. A... қолданушының өтініші бойынша қойып тұрмын.

Тазалық, Талғам сұрақ қойды | 7.1k қаралды

9 жауап

+1 дауыс
Жақсы Жауап

1. Диета. Серьезный диеталарды ұстай алмасаң тамақты аз жеп, арбуз секілді  арықтауға көмектесетіндерді же.

2.Спорт. Спорт дегенде волейболистка немесе баскетболистка бол демеймін... Күнде таңертең кешке жаттығу жаса. Скакалкамен секір, жүгір, көп қимылдауға тырыс, обруч айналдыр.

3.Йога. Йога жаттығуларының жеңілдерін жаса. Йога арықтауға, жасаруға және де фигураны қалпында сақұтауға (жақсартуға) көмектеседі. Йога жаттығуларын интернеттен қарап көр.

Жалқау болма, ерінбей осы айтылғандарды жасасаң 1-2 айда 10 кг-ға дейін тастауың мүмкін. Қаншалықты арықтағаныңды білу үшін весымен өлшеніп, бастапқыңды жазып, кейіннен тағы өлшеніп  қанша кг арықтағаыңды байқауға болады))) Сәттілік***

Белгісіз жауап берді
+1 дауыс
қан қысымыңыз төмен болмаса лимон көбірек қолданыңыз деп кеңес бере едім
жауап берді
+1 дауыс
күнде азанда бір кесе айран ішіп тұр, айран адм денесіндегі майларды,көмірсуларды өзіне тартады
жауап берді
0 дауыс
Көп қойылған сұрақ ! Семіздік неден пайда болады ? Қозғалыс белсенділігі азайғанда болады ! Үнемі қозғалыста болып жаттығу жаса ! Жүмыс істе !
жауап берді
+1 дауыс
Жүгiр,диета ұста,спортпен айналыс.негiзi көп жүгiр денсаулыққа өте-өте пайдалы
жауап берді
+1 дауыс
Күніне 8 стакан су іш, 7ден кейін тамақ ішпеуге тырыс, тамақты күнделікті уақытта іш. Ыссы тамақты алақаныңа сиятындай іш, бұл нормаға жатады. Осыны сақтасаң арықтайсың. Ең бастысы шыдамдылық керек.
жауап берді
0 дауыс

Арықтау үшін не істек керек? Әубаста толып келе жатқанда өзіңді қолға алып семірмеудің іс әрекетін қылу керек, әбден толып алғасын нестеу керек деп отырмайсың сонда

жауап берді
+1 дауыс
арықтаудың ең оңай жолы бұл майлы жерге массаж жасау,укалау деп окыгам массагеттен
жауап берді
+2 дауыс
Ішті арықтатудың жолдары
Көптен бері арықтауға ниеттеніп, диетаға отырып, спортпен де айналысасыз. Алайда әлі көзге түсерліктей өзгеріс жоқ. Әсіресе ішті арықтата алмай қойсаңыз, біз бөліскелі отырған сырлармен таныс болыңыздар.

Ең бастысы – спорт            

Өкінішке орай, ішті арықтатудың бір-ақ жолы бар. Ол аянбай, шаршамастан спортпен айналысу. Іштегі артық салмақтан аэробикалық жаттығуларсыз арыла алмайсыз. Артық май кету үшін, оған оттегі қажет, ал аэробикалық жаттығулар кезінде біздің тынысымыз жиілеп, ағзамыз қажетті оттегіні алады екен. Күш жаттығулары бұлшық еттерді берік қылу үшін ішке қажет, алайда олар артық салмақтан мүлдем арылтпайды. Айта кетсек, таза ауадағы  жаттығулар екі есе тиімді болмақ, сондықтан келесі жаттығуларыңызды аулаға шығып жасаңыз.

Дұрыс жаттығулар                 

Дәстүрлі пресс жаттығулары орындалуы қиын болатындығына қарамастан, арықтау үшін бұл жаттығу өте әсерлі емес екен. Мамандардың соңғы зерттеулері бойынша, жарты килограмм майдан арылу үшін пресс жаттығуларын 250 мың рет жасау керек. Әрине бұған уақыт та, күш те жетпес. Бұл жаттығу барысында іштің ішкі бұлшық еті жұмыс істемейді, осы оның тиімділігін кемітеді. Сондықтан дәл осы іштің ішкі бұлшық еттерін жаттықтыруға бағытталған жаттығулар қолданыңыз. Мысалы мынандай:

Түзу жерге жатып, қолдарыңызды белдің астына қойыңыз.
Демді ішке алып, ішті барынша сыртқа шығаруға тырысыңыз. Артынан демді шығарып, ішті керісінше ішке қарай барынша тартыңыз.
Осы қалыпта 5-10 секунд болып, ішіңізді босаңсытыңыз. Жаттығуды 8-10 рет қайталаңыз.
Бүкіреймеңіз           

Бұл жаман әдет арқа денсаулығына өте зиян, сонымен қатар эстетикалық жақтан да жағымсыз. Бүкірейген кезде арқаңыз қисық, бойыңыз аласа көрініп, ішіңіз алдыға салбырап кетеді. Сондықтан бұл әдеттен мәңгілікке арылыңыз. Қарапайым, дәстүрлі жаттығуларды жасаңыз: басқа кітап қойып жүріңіз, арқаңызбен қабырғаға жанасып тұрыңыз. Арқаңыз түзу кезде ішіңіз де өзімен-өзі тартылып тұрады.

Тамақтану              

Дұрыс тамақтану жайлы талай айтылса да, әлі де қосарымыз бар. Ішті тек сырттай емес, ішінен де күту керек. Мысалы кейбір тағамдар іш қабынуына алып келіп, қорытылғанда көп газ бөліп, ішіңізді үлкейтіп көрсетеді. Бұршақ тектес тағамдар, орамжапырақ, брокколи, алмұрт, қараөрік, сүт өнімдері, картоп, күріш, газдалған сусындар осындай азықтың қатарында. Әрине бұл тағамдарды мүлдем жемеуге болмайды, алайда келбетіңіз мінсіз болуы керек сәттерде осы тағамдарды шектеңіз. Айта кетсек, термикалық өңдеу бұл тағамдардың осындай жағымсыз қасиетін кемітеді.

Өзіңізге сеніңіз                

Бірден арықтаймын деп күтпеңіз. Арықтау жолында кейде сенімділігіңіз кеміп, кейде қайта сергіп жатасыз. Алайда армандаған мақсатыңызға тек еңбек пен шыдамдылық арқасында жете аласыз. Және әрі қарай да осындай ережелерді өзіңіз үшін өмірлік әдетке айналдырыңыз.
жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
8 жауап
Сұрақ қою
111,060 сұрақ
283,505 жауап
149,576 пікір
54,015 қолданушы