0 дауыс
798 қаралды
тарих пәнін  жақсы менгеріп келемін! Жалпы археолог мамандығы бойынша жұмыс тапшы дейді достарым! Бұл қаншалықты рас,толығырақ ақпарат бере кетсеңіздер?!
Белгісіз Жұмыс іздеу, ауыстыру сұрақ қойды | 798 қаралды

8 жауап

–1 дауыс
көп кездеспейді ғо және география таңдаисың !
Белгісіз жауап берді
LOBBYIST қателеспеңіз !!
Географияның археология пәніне қатысы жоқ. Археология пәнінің негізгі мақсаты жердегі ежелгі заттар арқылы тарихты болжау. Сондықтан бұған сіз Дүние жүзі тарихын таңдайды.
0 дауыс
Археок болғыңыз келе ме?Әлде археолог па?Егер тарих таңдасаңыз мектепте,колледж,универде мұғалім болуға енмесе музейде жұмыс істеуге болады.
жауап берді
мүғалім болғым келмейді жыным келеді музейде ма ?не істеймін музейде?айлығы қанша?
+1 дауыс
Мамандық таңдар алдында көпті көріп, тәжірибесі бар парасатты жандармен ақылдасқан дұрыс. Себебі, мамандық таңдау ол болашағыңа деген адымыңның алғашқы қадамдары боп табылады. Мамандықты өз сана-өрісіңе қарай, яғни мен осы мамандықты алып кете алам-ау, қабілетім жетеді деген нақты өз-өзіңе деген сенімділік те қажет. Мейлі, сен археолог, мейлі қандай да болмасын маман иесі болғаныңда сол кәсібіңді сүйіп, шын ықыласыңмен абыройлы атқару керектігін де осы бастан ойлап қойғанның еш ағаттығы жоқ.

Сұраққа сай емес, сонда да ағаңның ақылы деп білерсің.
Студент жауап берді
ИА рахмет
0 дауыс
Жұмысы жоқ мамандық болмайды, барлық мамандықтардың өз қиындығы да, қызығы да болады. Мамандық таңдауда достарыңның сөзіне емес, өз қалауыңмен шешкен  дұрыс. Егер тарихтан жақсы болсаң, археология мамандығына түсу үшін 5-пән ретінде Дүние жүзі тарихын таңдайсың.
Студент жауап берді
0 дауыс
Жұмыс бар ынтаң болса.Табуға болады
Оқушы жауап берді
0 дауыс
Бола алмайсың!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Жаңа қолданушы жауап берді
неге бола алмайды????????????
nike айтты значит бола алмайды
0 дауыс
Археология мамандығы өте жақсы мамандықтардың бірі. Кейбір адамдар осы мамандыққа жұмыс тапшы деген сөзге мен аса қатты сенбеймін. Өйткені біздің елге жақсы, білімді кадрлар қажет, ал бізде осы жағынан тапшылық бар. Өз жұмысын жақсы меңгерген адамдардың көбісі жасы үлкен кісілер, ал солардың орнын басатын келешек міне сіз сияқты жастар. Сондықтан маман тапшы деп қорқудың қажеті жоқ. Мамандығыңызды жақсы меңгеріп шықсаңыз сөзсіз жұмысқа тұра аласыз.

Қаржы жағанынан келер болсақ аса көп төйлейді деп айта алмаймын бірақ шамамен мектеп оқытушысынан көбірек алады ау шамасы. Сосын зерттеу жұмысын жүргізгенде бір бағалы зат тауып алсаңыз мемлекет сізге сол табылған заттың 15-20 пайызын сізге ақша ретінде береді. Мысалы сіз ортағасырлық күміс алқа тауып алдыңыз делік, сонда сол күміс алқаның 20 пайызые сізге береді.

Жалпы мамандық сабырды талап етеді. Сабырсыз адам болсаңыз барудың қажеті жоқ. Менде алғашқыда Археолог боламба деп едім, көп ойланып шешімімді дұрыс емес екенін білдім. Өзім өмірде сабырсыз адаммын, көбінесе сабыр мен жасайтын заттарды тездетіп жасайм деп бүлдіріп алатын кездеріп өте көп болады. Сол археолог болам деп жүрген кездерімде атақты археолог Кемел Ақишевтың жұбайы (есімін ұмытып қалыппын) мен және сол кісінің шәкірті Серғазы Сәкенов сынды тұлғалар мен кездесіп жұмыс істеп көріп едім. Жалпы осы мамандыққа барудан алдын Археологтар мен жазда зерттеу жұмыстарын жүргізуге барып көруге кеңес берем, бұл сізге өте пайдалы болады. Осы зерттеу жұмысынан соң нақты бір шешімге келе аласыз бола аламынба археолог әлде жоқпа деген сұрағыңызға жауап аласыз.
Аға оқытушы жауап берді
0 дауыс
Археолог маманы кəсіптік колледжде тарих пəнінен сабақ берсе бола м
Индира жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:

Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

Сұрақ қою
114,424 сұрақ
289,758 жауап
152,104 пікір
57,557 қолданушы