+1 дауыс
365 қаралды
Жануарлар да адамдар секілді күле алады ма?
Шебер Жануарлар сұрақ қойды | 365 қаралды

11 жауап

0 дауыс
Біз кейде жануарлар да адамдар секілді күледі немесе жылайды деп ойлаймыз. Алайда бұл дұрыс емес. Тек адам ғана жылап, күле алады. Әрине, жануарлар ауырғанда қыңсылап, ұли алады, бірақ олардың көздерінен ешқашан жас шықпайды. Бұл олардың көзінде сұйықтық жоқ дегенді білдірмейді, сұйықтық тек қана көз қабатын қорғау үшін қолданылады. Жылау үшін ойлана білу, эмоцтоналды сезімтал болу қажет.
Кандидат жауап берді
Қате. Мен талай көргенмін түйе, сиыр, қой, жылқылардың жылап жатырғанын.
Жануарларда эмоциялық сезім жоқ дегеніңіз қате
0 дауыс
Бір кісі сұрағанда?

- Пайғамбарымыз Ондай қасиеттер тек адамға ғана берілген.Ойлау, сөйлеу, сезіну қабілеттері.

Ол кісі не үшін дегенде

-Алланы терең тануы үшін, Адам Алланың сүйікті құлы депті!!!

жануар қарны тойса күлгені, адам секілді ыржиып күлген жануар көрмеппін
Жаңа қолданушы жауап берді
Өте қате жауап, жануарлар ойлай да, сезіне де апады, тіпті өз тілдерінше сөйлей де алады (мысалы дельфиндердің дыбыстық сигналы 14 мыңдай екен, және сөйлем де құрай алатыны дәлелденген)
0 дауыс
Бауырлар жануарлар да оз арасында куле алады. Жане де жылай алады. Ауылда талай коргенмын!!!
Жаңа қолданушы жауап берді
0 дауыс
Адамдар секiлдi жануарлар да сезiне алады. Бiрақ барлық жануар емес. Мысалы қазағымыздың жылқы малын алатын болсақ ерекше қасиетке ие. Олар адамдар қазаға ұшырағанда барлық жағдайды сезiнедi екен. Әсiресе иесi қайтыс болғанда. Жылқы туралы боевой конь деген керемет кино бар. Ана киноны көрсең, кәдiмгiдей жүрегiң ауырады. Иттер де сондай қазаны сезiнiп, қиналады. Ол туралы Хатико деген керемет кино бар. Сонымен қатар соғыста хат тасумен айналысқан кептерлер де осындай керемет қасиетке ие болған екен. Бұл туралы да кино бар. Хат алып бара жатқан пошташы кептерлердi немiстер атқылай бастайды. Қансыраған кептер иесiнiң алдына топ етiп түсiп, сосын сол жерде жан тапсырады. Атауын ұмытып тұрмын. Осылардан кейiн жануарларды мүлде жылап, күле алмайды деп қалай айтуға болады?
Оқушы жауап берді
+1 дауыс
Әрине күле де, жылай да алады, мына киноны қарап шығыңыз:

https://surak.szh.kz/go.php?url=http://video.yandex.kz/users/arni-dok-video/view/205
Данышпан жауап берді
+1 дауыс
Жануарлардың күліп немесе жылауын байқау мүмкін емес, себебі олардың мимикалық еттері приматтардан әсіресе адамдардан өзгеше.Сонда да жануардың қандай көңіл күйде екенін жүріс түрысынан ,жасаған қылықтарынан байқауға болады.Оларда да сезім ,эмоция бар , бірақ интеллект яғни ойөріс төмен , зерде өте таяз. тіпті жоқ десе де болады,оның есесіне инстинкт жақсы жетілген.
Мұғалім жауап берді
0 дауыс
Жануарлар күле алады дегенге сену қиын. Дегенменде ХХI ғасырда өмір сүріп жатырыққо
Мұғалім жауап берді
0 дауыс
Сіздер Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" кітабын оқыппа едіңіз?Сонда бір ауылдасынынң сиыры ауырып өліп қалады.Оның үстіне ол буаз еді.Енді ауыздары аққа жариын дегенде, сиыр жоғалып, суға батып өледі."Сиыр судан жаралған" демекші, сиырдың еті арам емес болып шығады.Оны сойып 40 жілігін 40 үйге бөліп береді, сосын арадан бір ай өткенсон сол ауылдағы басқа сиырлар сиырдың сүйегінің алдына барып "мөңірейді".

Сол секілдіде жануарда эмоциялық сезім болады. Иттерде ренжігенде құйрығын бұтына қысса, шаттанғанда құйрығын ойнатып жүреді.

Ал мысықтар иесінің аяғына оратылып еркелейді.

Қойды да сойған кезде бар дауысымен айқайлайды емеспе?
Студент жауап берді
+1 дауыс
Жануарлар күледі жылайды дегенді бірінші рет естуім.
Студент жауап берді
+1 дауыс
Көбінесе қорқау қасқыр яғни шакал көп күледі.
Жаңа қолданушы жауап берді
хи хи қатырдын...)

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Сұрақ қою
115,180 сұрақ
291,374 жауап
152,560 пікір
58,099 қолданушы