+1 дауыс
53 қаралды
Мен бронх.астмамен аурамын. Уже 6жыл болды бірақ соңғы 6айдан бері жие ауратын болдым. Мен Шымкент қаласында жақсы болып жүретінмін. Ал Алма-ата, Сарыағаш, Жетісай, Ленгер, Шардараға т.б қалаға барсам. Өкпем сырылдап, тез әлсіздене бастаймын, тыныс алуым қиындай бастайды. Енді тіпті Шымкент қаласында жүрсем де қайталанып жатыр. Бұл аурудың емі барма? Қалып кетеме? Қайда? Қай қалада білікті аллерголок,бронх.астманы емдейтін мамандар бар?ен бронх.астмамен аурамын. Уже 6жыл болды бірақ соңғы 6айдан бері жие ауратын болдым. Мен Шымкент қаласында жақсы болып жүретінмін. Ал Алма-ата, Сарыағаш, Жетісай, Ленгер, Шардараға т.б қалаға барсам. Өкпем сырылдап, тез әлсіздене бастаймын, тыныс алуым қиындай бастайды. Енді тіпті Шымкент қаласында жүрсем де қайталанып жатыр. Бұл аурудың емі барма? Қалып кетеме? Қайда? Қай қалада білікті аллерголок,бронх.астманы.
Азиза Жалпы Медицина сұрақ қойды | 53 қаралды

1 жауап

0 дауыс

Бронх демікпесі кезіндегі емдеу тактикасы

Ем мақсаты: тұншығу ұстамасын, аурудың асқынуларын басу.

Дəрі-дəрмексіз ем: себепті аллергендермен жанасуды, спецификалық емес тітіркендіргіштер əсерін болдырмау (темекі тарту, кəсіби зияндықтар, поллютанттар, өткір иістер жəне басқа).

Дəрі-дəрмектік ем

Ұстамаларды басу:

  • ингаляциялық тез əсердегі 2-агонистер (сальбутамол, фенотерол);
  • əсері тез басталатын ұзақ əсердегі 2-агонистер (сальметерол, формотерол);
  • ингаляциялық холинолитиктер (ипратропий бромиді); құрамында холинолитиктер мен 2-агонистер қосылған комбинациялы дəрі дəрмектер; қысқа əсердегі метилксантиндер (аминофиллин);
  • жүйелі ГКС (преднизолон).
  • демікпені ұзақ жүргізу үшін, ауырлық дəрежесіне байланысты баспалдақты əдіс ұсынылады.

Барлық деңгейлер үшін: тұрақты күнделікті терапияға қосымша, қажет жағдайда тез əрекеттегі ингаляциялық 2-агонистер қолданулуы қажет, бірақ күніне 3-4 реттен жиі емес, фенотерол мен ипротропий бромиді тіркелген комбинациясы.

I дəреже – ауруды бақылау үшін күнделікті қабылдау қажет емес. Қысқа əсердегі бронходилататорларды қажеттілік бойынша күніне 1-2 рет қолдану ұсынылады.

II дəреже – ингаляциялы ГКС: беклометазон дипропионат 200-500 мкг 1-2 қабылдауға, флутиказон пропионат 120 доза (100-200 мкг тəулігіне 2 рет), будесонид 100-250 мкг/тəулігіне.

Альтернативті ем: теофиллиннің ұзақ əсердегі препараттарын тағайындау (теотард, теопэк 200-400 мг/тəулігіне), кромондар (кромоглиц қышқылымен ингаляция 10 мг тəулігіне 4 рет немесе интал 5 мг/доза), лейкотриен рецепторларын бөгегіштер (зафирлукаст 20 мг күніне 2 рет). Қысқа əсердегі бронходилататорлар (сальбутамол, фенотерол) қажеттілік бойынша тəулігіне 3-4 рет.

III дəреже — ингаляциялы ГКС: беклометазон дипропионат (800-1600 мкг в 3-4 қабылдауға) флутиказон пропионат 120 доза (400-1000 мкг тəулігіне 3-4 рет), Будесонид 800-1600 мкг/тəулігіне немесе ИГКС стандартты дозада ұзақ əсердегі адренорецепторлардың 2 агонистерімен бірге (сальметерол 50 мкг күніне 2 рет немесе формотерол 12 мкг күніне 2 рет), фенотерол мен ипротропий бромидінің тіркелген комбинациясы немесе теофиллиннің ұзақ əсердегі препаратымен.

Қысқа əсердегі бронходилататорлар (сальбутамол, фенотерол) қажеттілік бойынша, бірақ тəулігіне 3-4 реттен көп емес.

Альтернативті ем: теофиллиннің ұзақ əсердегі препараттарын тағайындау (200-700 мг/тəулігіне), кромондар (кромоглиц қышқылымен ингаляция 20 мг тəулігіне 4-8 рет немесе интал 5 мг/доза), лейкотриен рецепторларының бөгегіштері (зафирлукаст 20 мг күніне 2 рет).

IV дəреже— ингаляциялық ГКС: беклометазон дипропионат 100 мкг — 10 доза (1000 мкг аса) тəулігіне флутиказон пропионаты 100-200 мкг тəулігіне 3-4 рет, будесонид 800 мкг/тəулігіне аса, немесе эквивалент плюс қасқа əсердегі ингаляциялық 2-агонист (сальметерол, формотерол), фенотерол мен ипротропий бромидінің тіркелген комбинациясы; плюс бір немесе одан көп келесі препараттар, егер бұл қажет болса: баяулы босайтын теофиллин, антилейкотриен препараты, пероралды қысқа əсердегі 2 агонисттер, пероралды ГКС.

Іріңді қақырық болған кезде, жоғары лейкоцитоз, эритоциттердің тұну жылдамдығының артуында антибиотикограмманы ескеріп, антибактериалды терапия курсын тағайындайды (спирамицин 3000 000 БІРЛІК х 2 рет, 5-7 күн, амоксициллин+клавулан қышқылы 625 мг х 2 рет, 7 күн, кларитромицин 250 мг х 2 рет, 5-7 күн, цефтриаксон 1,0 х 1 рет, 5 күн). Тұтқыр қақырықпен науқастарға муколитиктер тағайындайды (амброксол, карбоцистеин, ацетилцистеин).


Толық ақпарат.

Оқытушы жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
4 жауап
jadra Жаңа қолданушы Жалпы Медицина сұрақ қойды | 99 қаралды
Сұрақ қою
115,180 сұрақ
291,374 жауап
152,560 пікір
58,099 қолданушы