0 дауыс
102 қаралды
Дос туралы шығарма керек еді.Кіріспеде достың адам өміріндегі маңызы туралы жазу жазу керек.
Жаңа қолданушы Үй тапсырмасы сұрақ қойды | 102 қаралды

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы Жауап

Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше, Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше, Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше, Бір дос бар қораңнан мал кеткенше, Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше, - деген қазақ халқының бүгінгі замандағы достарының бейнесі осылардың қайсысынан табылады? Жалпы дос деген не? Өмірде достықтың алар орны қандай? Досың сені көрге сүйрей ме, төрге сүйрей ме? Менің өз ортамда сенімді адал досым бар ма? Осы сұрақтар кез келген адамды мазаламай қоймайды. Расында осы достық деген не? Алдымен соған тоқталайық. Біз дос туралы ұғымды мектеп қабырғасында жүргенде бастауыш сыныптан аңғарамыз. Мектепте ұстаздарымыз бізге достықтың құдіретін, қыр сырларымен таныстырады. Бұл жастағы балалар дос деген ұғымды сол қалпында сақтап, өмірде шын дос болады деп, өзі бірге ойын ойнайтын құрбысын өзінің досы деп санайды. Құрбыларымен ұрысып қалғанда құрбысын жақтап шығады. Анасы мектепте қарның ашса жейсің деп сөмкесіне салып берген бір үзім бөлкесін құрбысымен бөлісіп жейді. Иә бұл жағдай осыдан 10-15 жыл бұрын осындай еді. Ал қазіргі заманда 4 сыныпта оқитын бір қыз ойын ойнап жатқан қасындағы құрбысының үстіне қарап «кетші мен сенімен ойнамаймын, сенің киімің жаман», - деп көкірегінен итергенін өз көзіммен көріп таң қалдым. Яғни баланың санасы жастайынан осындай болып қалыптасып келеді. Оның ондай болып қалыптасуына не себеп? Солар біздің болашағымыз емес пе? Не кінәлі десеңіз бірінші орынға мен отбасын қояр едім. Себебі ол жанұясында не көрсе көшеде де соны істейді. Дастархан басында отқанда ата-анасы, аға-әпкесі бір-бірімен үлгі боларлық дүниелер жайында емес, баларының сабағын сұрағанда, үлгерімі жақсы оқушылармен дос бол, пәленшемен дос болма ол нашар киім киіп жүреді, сабағын да жақсы оқимайды. Иә ол жаман киім киеді, үлгерімі жақсы емес, алайда ол балада барлық адамның бойынан табыла бермейтін, адамгершілік, досқа адал болатын қасиеті жоғары шығар. Неге оның адамдық қасиетімен санаспаймыз, адам көркі шүберек деп текке айтпаған шығар, бірақ шүберек бітер, ал достық ше, достық қайда сонда? Міне баланың өмірге деген көзқарасы осылай атақ-даңқы бар, әдемі киім киетін адамдармен достасу керек, яғни оның пайдасы тиеді деген ой қалыптасады. Бүгін көк қағаз билеген заманда жастар осылайша өз құндылықтарымызды сол бір мардымсыз дүниеге алмастырады. Өмірде ақшадан биік қасиеттер бар, бар байлығыңмен алмастырып ала алмайсың. Алайда жастайынан ақша болса болды, ақшаға барлығын сатып аламын деп ойлайды. Иә расындада ақшасы көп адамдардың айналасында дос сымақтар көбейеді, сенің қаншалықты ақшаң көбейсе, жауларыңда көбейеді. Бүгінгі шындығы шала қоғамның бір дертіне айналған. Алайда мен көпке топырақ шашудан аулақпын. Достық деген сезім - сені шынайылыққа, адалдыққа, Алланың ақ жолынан адаспай жүруге үндейді, бойыңдағы көреалмаушылық, жауыздық, қастандық деген сезімдерің сөніп, оның орнына имандылық, мейірімділік, бауырмалдық деген сезімдер пайда болады. Өмір атты тұңғиық теңізде өмір сүріп жатқанан кейін өмірде сүрінетін кездеріміз болады, сүрінгенде бірінші кімге арқа сүйейсің, әрине ол досыңа, алайда сені қолпаштап жүрген жандардың бірін таппайсың қасыңнан, барлығы саған теріс айналып кетеді. Яғни олар достың кейпін киген сенің қас дұшпандарың. Осылайша досым кім? Дұшпаным кім сонда деп есеңгірейсің. Қоғамдағы осындай жағдай қабырғаңды қайыстырып, жаныңды жабырқатып жібереді. Сонда достықты тек өзінің мақсатына жету үшін ғана пайдаланылатын құрал ма сонда? Осы орайда испан жазушысы Б.Грасиннің «Достығың да, дұшпандығыңда мәңгі болады деп ойлама! Бүгінгі досыңа ертеңгі қарсыласым деп қара, тіпті бітіспес жауыңа айналып кетуі мүмкін; өмірде мұндай жағдайлар бола береді, ал сен соның алдын ал. Болашақ дұшпаныңы айналып қалар деген досыңның қолына қару ұстатпа, ертең дұшпан жағына кетіп қалса соққысы аяусыз болады. Дұшпаныңмен, керісінше, бітімге келер есігің әрқашан ашық тұрсын, бұл есігің, ең сенімді жол – ақпейілділігің болсын. Көбінесе, дұшпанымызды сансыратып кек алсақ деген оймен жүреміз, содан ләззат аламыз, ал арты уайымға айналады» - деген астарлы мағынасы терең өсиетін тілге тиек ете кетейін. Барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп, ол ағашымызға қарап суландырып тұрсақ арадан қанша уақыт өтседе ол ағашымыз жайқалып, жапырақтары қаулап өседі. Өмір болған соң бірде мұңайамыз, бірде қуанамыз. Кейде көңілің жабырқап достарыңды аңсаған шағыңда сол ағаштың саясына барып, көлеңкесіне бір демалып қайтсаң, мауқың басылып, өзіңе бір үлкен тірек тапқандай болып қайтасың. Сондықтан барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп шырмауықша шырмалып өсірейік.


Толығырақ

Оқушы жауап берді
жж таңдады
Рахмет)))

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:

Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
9 жауап
+1 дауыс
10 жауап
Шуақ Жаңа қолданушы Жанұя сұрақ қойды | 155 қаралды
Сұрақ қою
114,112 сұрақ
289,249 жауап
151,827 пікір
57,307 қолданушы