+5 дауыс
3k қаралды
Айт намазында әйел кісілерге намаз оқуға болады ма?
Жаңа қолданушы Жалпы сұрақ сұрақ қойды | 3k қаралды

3 жауап

+1 дауыс
Жақсы Жауап
Ханзада сіздің сұрағыңызға толық жауапты мына төмендегі хадистен көрерсіз. "от Умм ‘Атыйи сообщается, что посланник Аллаха (мир ему и благословение Аллаха) повелевал выходить на эту молитву всем женщинам и даже тем, у которых были месячные. Она рассказывала: “Я слышала, как посланник Аллаха (мир ему и благословение Аллаха) сказал: «Пусть мо-лодые девушки, и сидящие за занавесками, а также женщины, у которых месячные, выходят из своих домов и принимают участие в благих делах и обращениях верующих к Аллаху со своими мольбами, однако тем, у которых начались месячные, желательно держаться в стороне от места молитвы ». аль-Бухари 324, Муслим 2/605. Ибн ‘Аббас также рассказывал: “Посланник Аллаха (мир ему и благословение Аллаха) повелевал сво-им дочерям и женам выходить на праздничные молитвы”. Ахмад, Ибн Маджах, ат-Табарани. Хадис достоверный. «Са-хих аль-джами’» 4888." Бұл жерде әйел адам айт намазына баруға бола ма емес, бару фарыз екенін байқаған боларсыз!!! Аллах сізден разы болсын!!!
Жаңа қолданушы жауап берді
ассалаумағалейкум, Уммі Асим қарындасым! "Бұл жерде әйел адам айт намазына баруға бола ма емес, бару фарыз екенін байқаған боларсыз!!" дегеніңіз түбегейлі қате! Сіз оңды-солды пәтуа беруден Алладан қорқыңыз! Әйелдердің қай намазға болса да тұруына қарсы емеспін (Аллаһ сақтасын), алайда, қателеспесем, Пайғамбарымыздың (Алейхи уассалату уассалам) сөздері мен істері сунна болады. Парыз болмайды. Парыз дегеніміз тек Алланың бұйрығы! Өлсең де, тірілсең де парызды орындау қажет. Парызды орындамасаңыз, онда ауыр күнә болады. Ендеше, бір себептермен айт намазына қатыса алмаған әйел адам парызға қарсы шығып, күнәһар бола ма? Астағфируллаһ! Қатты кетпеңіз! "Дінде қатты кетпеңіздер! Шындығында сіздерге дейінгі қауымдар сондықтан құрыған", "Дінді қиындатпаңдар, жеңілдетіңдер! Шошытпаңдар, сүйсіндіріңдер!" деген хадистерді ескергеніміз абзал!
уа алейкум асСалям уа рахматуЛлах Тимур! Мен фатуа берген жоқпын Пайғамбарымыздың (Алейхи уассалату уассалам) сөзін келтірдім. Сіз құранға иман келтірушілерден боларсыз? Олай болса мына аятты жазайын:"А того, кто воспротивится посланнику после того, как ему стал прямой путь, и последует не путем верующих, Мы направим туда, куда он обратился, и сожжем в Аду. Как же скверно это место пребывания!"(ан-Ниса 4:115)
Ибн Омар(радиаЛлаху анху) Біләл деген баласымен өмірінің соңына дейін пағамбарымыздың(Алейхи уассалату уассалам) бір сүннетін қалдырғаны үшін сөйлеспей қойған. Ал сіз қалай Аллах елшісі(Алейхи уассалату уассалам) бұйрық берді деген кезде істеседе істемесе де болады дейсіз? Фатуаны ешбір дәлелсіз беріп отырған адам ол сіз!
Хе-хе...
"Әйел адамның мешітке барғаны жақсы дейді ғой, сауабы молырақ, егер әйелдеріңіз мешітке барам десе ұстамаңыздар деп те айтып кеткен екен бірақ ең абзалы әйел адамның мешіті — үй" деген екен. сондықтанда әйел адамның үйде намазын оқып дұғасын жасауы ең жақсы ісінің бірі дейді. дал қазіргі таңда менің ойымаша әйел адамдарға бармаған ақ дұрыс шығар. (Тем более) айт намазында. парыз әрі сауабы мол себепсіз қалдырмауға тырысқан ер адамдар көп-ақ. байқасаңыздар сыртында оқып жатады. ислам діні жақсы тараған Түркияда да әйел адамдарды айт намазы болсын мешіттен аз көресіз. үйден оқыған абзалырақ дейді. иа ол Түркия, біз қазақ дегендей, бірақ әр адам өзі біледі ғой. менің ойым үйде құлышылығымызды жасаған дұрысырақ.
Ассаламу-алайкум!Қарап отырсам әркім өз білгенін айтып таласып отыр Умму Асим сіз қателеспеңіз біріншіден Айт намазы фарз емес Уәжіп болады.Уәжіппен фарзды шатастырмаыңыз сосын сайт қолданушылары діни сұрақтарыңызды бұл жерге емес діни сайтқа қойсаңыздар діни мәселе күрделі қате айтсақ басқа қолданушыларда қателеседі.Сүннеті тірілтеміз деп фарзды тәрк етпейік яғни татулық фарз.
0 дауыс
Арине болат. дажы сіздерге мештке баруға болат.
Оқушы жауап берді
0 дауыс

Айт намазы

 Ораза және құрбан айт намаздары алғаш рет Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдина шаһарына қоныс аударған жылы оқылған.

Айт намазының үкімі

  Айт намазы - жұма намазы парыз болған адамдардың барлығына уәжіп. Себебі Пайғамбар (с.ғ.с.) адамдардың айт намазына шығуына әмір берген. Айт намазын оқу үшін иманнан басқа бір адам болса да жеткілікті.
  Айт намазы жолаушыға, әйелге, балиғатқа толмағандарға, өз күшімен мешітке бара алмайтын ауруларға, басшылығы жоқ ауыл тұрғындарына уәжіп емес.

Әйелдердің айт намазына шығуы.

Умму Атия (оған Аллаһ разы болсын!) айтты: «Аллаһтың елшісі(саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бізге ораза мен құрбан айтта жас қыздарды, хайз әйелді және бойжеткен қызды шығаруды бұйырды. Хайз әйел намаз оқымай, жақсылыққа және мұсылмандардың дұғасына куә болады»-деді. Тағы бір риуаятта «Намаз оқитын жерден алшақтайды»[87] деген.

Имам Шаукани: «Бұл хадис және одан басқа да осы мағынадағы хадистер әйелдердің екі айттта намаз оқитын жерге шығулары шариғатталғандығын көрсетеді. Ол әйелдер қашан идда кезінде болмаса, не оның сыртқа шығуында фитна не басқа да үзірі болмаса, ер көрген не көрмеген, жас не кәрі не етеккір әйелдердің арасында айттарға шығуында айырма жоқ». Сөз соңы. (Найлуль-Аутар 3/306)

Шейхуль Ислам ибн Таймия «Фатуалар жинағында» (6/458-459): «Расында пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мүмін әйелдерге олардың үйдегі оқыған намаздары олар үшін жұма мен жамағат намаздарына қатысуларынан көре жақсырақ екенін айтты. Оларға тек айт намазына шығуларына бұйырды.

Аллаһ білушірек, пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) әйелдерді айтта шығуға бұйырғанында бірнеше себептер болуы мүмкін:

Біріншіден: Айт намаз жылына екі-ақ рет, ал жұма мен жамағат намазы ол сияқты емес.

Екіншіден: Айт намаздың орнына үйде оқитын намаз жоқ, ол жұма және жамағат намазынан басқаша, өйткені оның үйіндегі жұма күнгі бесін намазы жұма болып есептеледі.

Үшіншіден: Айт намазы — Аллаһты зікір ету үшін қаланың сыртындағы алаңға шығу. Сондықтан ол кейбір жағынан қажылыққа ұқсайды. Сол үшін қажылық маусымында үлкен айт қажыларға тура келеді»-деді. Сөз соңы.

Шафиғалар айтқа шығатын әйелді әдемі болмауы керек деп шектеген.

Имам Науауй «Мажмуғ» кітабында (5/13): «Шафиғи және оның серіктері: «Көрікті болмаған әйелдерге айт намазына келулері мустахаб болады. Ал әдемі әйел болса, оларға айтқа келулері мәкруһ»-деген. Кейін айтты: «Әйелдер егер шығатын болса, қарапайым киім киіп шығулары мустахаб және өздерін көзге түсіретін киім кимейді. Оларға жәй сумен тазаланулары мустахаб етіледі, ал әтір қолданулары мәкруһ болады. Бұл айтылғандардың барлығы қартайған, оларға ешкім қызықпайтын және солардың қатарына жататын әйелдерге қатысты. Ал енді жас және әдемі әрі оған қызығушылық туатын қыздарға айтқа келулері мәкруһ болады. Өйткені бұнда олардың өздеріне және олар себепті басқалардың фитнаға тап болу қаупі бар.
https://surak.szh.kz/go.php?url=http://darulhijra.ru/kutub/kazakh/141-muminayel.html

Оқушы жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

Сұрақ қою
115,343 сұрақ
291,861 жауап
152,587 пікір
58,447 қолданушы