+4 дауыс
1.2k қаралды
Интернетте отырып мынадай сөздерді байқап қалдым. "Сайтқа жиі зиярат жасап тұрамын." Кейде бір жаққа барғанда зиярат жасап қайттым дейді. Зиярат сөзі қандай мағынаны білдіреді. Қай тілден енген сөз.  Молаға барып зиярат етіп келдім деген сөзді де естіп қалғаным бар. Қандай мағынаны береді?
Данышпан Жалпы сұрақ сұрақ қойды | 1.2k қаралды

3 жауап

+2 дауыс
Арабша онын тілдік талдау алай екенин билмеймин! Конакка бару деген магынада колданып отыр! Досым уйіне зиярат еттим деген секілді!
Оқушы жауап берді
0 дауыс

Менің ойымша "Зиярат"Өлілерге табынушылар

Жаңа қолданушы жауап берді
0 дауыс

Негізі бұл сұрақтың осы сайтта қойылуы дұрыс емес секілді. Бұл жағын Админдер шешер. Бірақ сұраққа сондада жауап беруді ұйғардым, әрине көпшілік біліп жүрсін деген ниетте. Көп қойылатын сұрақ болғасын. Зиярат ету деген ақыретті еске түсіріп, одан ғибрат алу және мәйіттің күнәсінің кешірілуін Алладан тілеу болып табылады. Оған дәлел Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисі: «Қабірлерге зиярат етіңдер. Өйткені қабірлерді зиярат ету ақыретті естеріңізге салады» (Ибн Мәжәһ). Әбу Сәъид әл-Худридің (р.ғ.) риуаятында: «…Енді, оларға (қабірлерге) зиярат етіңдер. Расында, зиярат етуде ғибрат бар…» деген жолдар бар. Айшадан (р.ғ.) риуаят етіледі: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әл-Бақиъ қорымына шығып, олардың күнәларының кешірілуін тілейтін. Сонда Айша (р.ғ) одан бұл жөнінде сұрады. Ол (с.ғ.с.): «Мен оларға дұға етуге бұйырылдым» деді» (Ахмәд, Мүслим және басқалар).

Аға оқытушы жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Сұрақ қою
115,343 сұрақ
291,861 жауап
152,587 пікір
58,447 қолданушы