Мемлекеттік пиар, жарнама

Біздің мысалымыздағы мемлекеттік пиар деген нәрсені ұқпаймын. Жақсы Олимпиаданы өткізу құқығын ұттық делік. (Жаңа маған бір танысым біз уже ұтып қойыптық деді). Универсиада өткізейік. Универисаданы өткізу дирекциясының директоры Илья Уразаков айтқандай BBC, Discovery, Euronews-тегі "пиарға" (Ильяның қате айтып отыр, егер ақысы төленсе пиар емес жарнама) үнемдеймейміз. 

Ол "Олимпиада позволит сэкономить Казахстану миллиарды для PR на BBC, Discovery и Euronews" депті. Мемлекеттік пиар керек. Жалпы кез-келген нәрсеге пиар керек. Пиарды өсек тарату, ат шығару деп түсінбестікпен бұрмалап алған біз. Жалақысына қызығып гитаристің пианист болып кеткені сияқты басқа салалардан келген пиарды өздері ұқпайтын "пиаршылардың" көбейгендігінің салдары. Қоғам пиарды ұқпайды. Қазір пиар деген түсінікке пиар керек. Шын мәнінде ол үлкен сала. Бірақ, жаңағы мемлекеттік пиарды айтамын, өткіздік делік шараларды. Шетелдіктер таныды делік. Сосын ол қой мына елді барып көрейік, неғылған ел екен деп келмей ма? Сосын Алматыны қарамай ма? Сосын Алматыны өзіміздің Еуропаның қаласының бірі, қытайдың тауары екен деп, ауылдарды көрейік дейді. Сосын біреу Алматының түбінде деп Көлсайға аттандырып жібереді. Сосын Шарынға дейін көңілді отырған туристің Жалаңаштан асқан соң дал-дұлы шыққан қотыр жолдан есі шықпай ма? Көлсайға барса әйтеуір күнкөрістің қамымен әр жерге жалбыратын тігіп қойған қазақ үй, онша емес сервис, ойбай қой деп Алакөлге аттанбай ма, ол жақта жеткенше жолдың иті әлде мысығы шығып кеткен. Удай қызметпен тонап алуға дайын топ. Меніңше мемлекеттік пиардан бұрын ішкі жағдайды реттеп алу керек шығар. Әлгі шаралардан соң атымыз шығады, турист ағылады депті бір тармағында. Әйгілі туризм нысандарына баратын жол жоқ, барған соң көрсетілетін қызмет жоқ, тұралап тұрғанда әлгі шаралардың нәтижесі елге антипиар болмай ма дейді бір ойым. 

Мемлекеттік пиар демекші біздің шетелдіктер алдында ұлттық тұрғыдағы бет-бейнеміз қалыптасқан жоқ. Қазақстан десе мұнайы, газы көп, жаңа Астанасы бар, және Президентіміздің атын, бірнеше ірі халықаралық шара өткізгенімізді білетін шығар. Меніңше біз "көшпендінің ұрпағы" екенімізді, ерекше салт-дәстүріміз, тамаша табиғатымыз барлығын көрсетуден бастауымыз керек. Өкінішке қарай "көшпендінің ұрпағы", салт-дәстүрімізді көрсетуді Моңғолия құрлы істей алып отырған жоқпыз. Ал, табиғи байлықты көрсетуді айтпай-ақ қояйын. Өйткені кейбіреу үшін ұят сияқты. Оларға Сауд Арабиясы сияқты бай, Еуропа сияқты заманауи екенімізді ғана көрсету керек сияқтымыз.

Ербол Азанбек

Кандидат Іс-шара | Пресс-релиз 31.07.2015 жариялады
113,553 сұрақ
288,300 жауап
151,297 пікір
56,896 қолданушы