мотивациялық сурет, құрмысқаның суреті

Жалпы менің ұққаным: Саған кедергі келтіріп, жолыңды кесіп, сыртыңнан жамандап, қолыңда бар дүниеңді тартып алуға тырысатын жандар сенің қасіретің емес, қайта саған берілген бақ!- деген ойға келдім. Зиян келтіргісі келіп, сені көре алмай жүрген жандардардың арқасында тәжрибе жинақтап, біліміңді арттырып, жаңа бір деңгейге көтерілуіңе жағдай жасайды.

Кезінде бір жобаны бастағанда кезде алған доменім өзіме жетпей, басқа бір доменді алуыма тура келді. 
Қайта осы жағдайдың арқасында менің ол жобаны істеуге деген құлшынысым екі есе артып, білек сыбанып энтузиазммен жобаны жасауға кірісіп кеттім. Ең қызығы екінші алынған доменім де басқа кісінің атында болатын. Ол доменді де басқаруыма бермей, өз басқаруында ұстағысы келіп қолымды байлады. Ол кездер әлі есімде. Бір апта бойы ұйықтай алмай дөңбекшіп, не істесем болады, осыншама 3 жылдық еңбегім көз алдымда ұшып кетеді ма деген ойлар маза бермеді. Интернет аман болсын! 
Интернеттің арқасында қажетті ақпаратты тауып, ешбір шығынсыз жаңа доменге 301 редирект арқылы көшіп кетуге болатын жолды таба кеттім. Артынша өз атыма жаңа домен тіркеліп, бас аяғы 15-20 күнде сайтты толыққанды өз атыма аударып алдым. :)

Уақыты өте келе сайттағы қолданушылар санының артқаны өзге сайттарға ұнай қойған жоқ деп ойладым. Себебі азды-көпті сайтқа программалар арқылы DDos шабуылдар мен SYN-флудтар қаптап жүре бастады. Түнде атып оянып сайтқа қарасам, сервер құлап жатады. Эхх деп түнімен серверге перезагрузка жіберіп, шұқылап отыратын кездер қайта басталды. Қайтадан ізденуіме тура келді. Ақы төлеп мамандарға істететін қаражатым жоқ. Өзім істей салайын десем, білімім жоқ. Содан шұқылап-шұқылап VPS-серверді көтеруді, баптауды үйрендім. Өзіміздің хостинг компаниялар өте қымбат бағада хостинг қызметін ұсынып жатқанда, мен 3-4 есе арзан әрі 3-4 есе өте мықты Хостинг алуға болатын жолын тауып алдым.

Қазір артыма қарасам менің жолыма осылай зиян келтіргісі келген жандарға сол кездері қатты назы болсам, қазір қайта сол кісілерге ақ көңілмен рахмет айтамын. Себебі егер ол кісілер болмаса мен осындай деңгейге жетпес едім. Қайта сол зиян келтіргісі келген жандардың арқасында азды-көпті білімімді артырып, ВПС-сервердің оңай көтеріп, баптайтын маман ретін қалыптастырды. Сол ізденістің арқасында қазіргі кезде қосымша қаражат көзін тауып жүрмін. Putty-мен отырып алып тиын жасаймын. Wordpress-тің арқасында әке-шешемді асырап, бауырларыма да қолғабыс көрсетіп жатырмын.

Нарық заңына сәйкес: Сұраныс бар жерде, ұсыныс бар!- демекші азды көпті сайтымыздың бәсекелестері шығып жатыр. Қазір қарасам азды-көпті 4-5 сайт бар екен. Әрине бәсекелестік болғаны жақсы. Еріншектігім ұстап, сайтқа қарауға ынта болмай жатқан кезде бәсекелестердің шығуы, орныңнан атып тұрып, жаңа көзқараспен сайтыңды жетілдіруге, өзгерістер әкелуіңе жақсы мотивация береді.

Ұзын сөздің қысқасы: Саған зиян келтіргісі келіп, жолыңды байлап, кедергі келтіретін адамдар сенің қасіретің емес, қайта ол адамдар сенің бағың! :) Адам ретінде, әрі маман ретінде өсіп-жетілуіңе жақсы демеу беретін жандар. Орыстар айтпақшы: "Мудрому - враг даст больше, чем глупцу - друг!"

p.s. 2013 жылы шыққан Гонка атты киноны көруге кеңес беремін. Көруге тұрарлық кино.

Данышпан Пайдалы кеңестер 16.08.2015 жариялады

5 пікір

Бәсеке бар жерде даму бар дең. Иә дұрыс айтасыз.
Ойбооой Сервер деген нәрселердi түсiнбеймiн мен )
жақсы жазба екен!
Жарайсың Ереке) Сәттілік!)
Керемет кино екен мен көріп шықтым. Тамаша Жазғансыз
114,424 сұрақ
289,758 жауап
152,104 пікір
57,557 қолданушы