Биыл "Қайрат" пен "Астана" футбол клубтары Еврокубок ойындарында көрсетіп жатқан жетістіктері арқылы қазақстандық футбол жанкүйерлерін қуантып жатыр. 27 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" пен "Бордо" арасындағы ойын тартысты болмақ. Қайратқа да, Бордоға да жеңіс керек. Ұтқан команда Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алады. Егер Қайрат ұтып жатса, онда Орталық стадионда кемінде үш Еуропа лигасының ойынын көреміз. :)

Айтайын дегенім ол емес. Биыл мамыр айынан бастап Алматыда Еуропадағы мықты футбол клубтарының бірі "Галатасарай" өз футбол мектебін ашты. "Түркітілдес журналистер қорының" ұйымдастыруымен осы футбол мектебінің шәкіттері қалай оқу-жаттығу жүргізетінін өз көзіммен көріп қайтудың сәті түсті.

Алматы Галатасарай футбол мектеп

Мұнда жас ерекшеліктеріне қарай балаларды топ-топқа бөліп, футбол ойнауды үйретіп ғана қоймай, балаларға допты қалай алып жүру, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау, ойынның тактикасы секілді түрлі-түрлі сабақтар жүреді.

Алматы Галатасарай футбол мектеп

"Галатасарай" футбол мектебінің Қазақстанда ашылған мақсаты:

  • Жас талатты балаларды даярлап шығару;
  • Қазақстан футболының дамуына үлес қосу;
  • Жас жеткеншектерді спортқа қызықтырып, баулу.

Бастапқы кезде 55 баламен сабағын бастаған мектепте қазір 160-қа жуық бала Түркиядан келген кәсіби бапкерлерден дәріс алады. Өз басым осындай мектептің ашылып жатқанына іштей қуанып жатырмын. Ерте ма, кеш па осындай мектептерден Қазақстанның намысын қорғайтын футбол ойыншылар шығады.

Көзге түскен жас талатты балаларды Түркиядағы "Галатасарай"-дың мектебіне дәріс алуға жіберіп отырмақ. Бізге қарағанда Түркияның футбол мектебінің алда екенін ескерсек, олардан үйренеріміз көп.

Бала кезде бізде мұндай жағдай болмады. Қарапайым ауылдың баласы болғандықтан не доп жетіспейді, не дені дұрыс алаң жоқ дегендей...

Құдай қаласа болашақта араларынан әлем танитын Месси, Роналдо, Арда Туран секілді жұлдыздар шығатыны сөзсіз. Арда Туран демекші сақалды жігіт те осы "Галатасарай" мектебінің түлегі. Қазір "Барселона" сапында өнер көрсетеді. Міне сол сақалды жігіт осы мектептің мақтанышы. Мектеп директоры Арда Туран секілді талантты жастарды тауып, дайындап шығаруға ниетті екенін жеткізді.

Ал енді суреттер сөйлесін:

5-6 жасар футболшылар

Шәкірттер ойын-жаттығу үстінде. Мынау мен :)

Алматы Галатасарай футбол мектеп

Кішкентай жанкүйер

"Түркітілдес журналистер қорының" мүшелері мен журналистер

Байланыс ақпараттары:

Алматы қаласы
Самал 1, Жолдасбеков көшесі, 9а,
Евразия сауда орталығы 3 қабат, №1 павильон
+77023661960

Данышпан Спорт 23.08.2015 жариялады
113,553 сұрақ
288,300 жауап
151,297 пікір
56,896 қолданушы