Саудадан үнемдеудің ең қарапайым, бір қарағанда күлкілі болып көрінуі мүмкін әдісі әлдебір дүние сатып алудан бас тарту екендігі туралы ойланып көрдіңіз бе? Табалдырықтан енді аттаған мешін жылы ойланбай сауда істеуге итермелейді деп жатады. Тіпті жылнама, жұлдызнамаға сенбейтін адам болған күннің өзінде сіз біздің көбінесе әлдебір затты немесе қызмет түрін аса қатты қажеттіліктен немесе біреуге көмектесу үшін емес, сол сәтте, сол жерде жан-дүниемізбен қалап тұрғандықтан сатып ала салатынымызбен келісетін шығарсыз. Сондықтан жұмсаған ақшаңызды ақтап, әуреге түспеңіз, әділіне келсек, қалтамыздан шыққан әр тиын мұқтаждықтан жұмсалмайды ғой.

Үнемнің құпия емес құпиялары

Саудақұмарлықтың жетегіне еріп бара жатқан кезде біз кейде тіпті ақылға сүйеніп, ар жақ-бер жағын екшеп үлгермейміз, әлгі қалаған затымыз төрімізден бір-ақ шығады. Тауар немесе қызмет таңдау кезінде бізге тиімді болатын жолдарын іздестіруді былай қояйық. Сондықтан саудадан үнемдеу туралы кеңестер қажеттілікке, міндетке немесе жақын адамдарға сыйлық жасауға қатысты жайттардың негізінде ұсынылатын болады. Дәл осындай мақсаттарға арналған тауар түрлі жеңілдіктермен Chocolife интернет-сервисінде үлкен таңдаумен ұсынылады. Ал үнемнің пайдасына келсек, келесілерді тексеріп шығуды ұсынамыз:

  • Алынатын тауарлардың сапасы немесе жасалуына қойылатын талаптарыңыз тым жоғары емес пе?
  • Бюджетіңізді ақылмен есептейсіз бе?
  • Алған дүниеңізді ұқыптап пайдаланасыз ба?
  • Өзіңізді, жақындарыңызды несие міндеттемелеріне жегу аса үлкен қажеттіліктен туындап отыр ма?

Шопингке аттанарда сабырыңыздан айрылмаңыз, өйтпеген жағдайда қажетсіз дүниені асыра сілтеп, алып қоюыңыз мүмкін. Міндетті түрде алдын-ала қажетті заттардың тізімін жасаңыз және сылтауратып, тізімде жоқ дүние сатып алудан аулақ болыңыз. Маркетингтің тұзағына түсіп қалудан абай болыңыз; бажайлап, ойланып барып сауда жүргізіңіз, сенімді ақтаған өндірушілерден айрылмаңыз, ерекше тауарларды жәрмеңкелерден іздеңіз немесе хенд-мейд жасауды үйреніп алыңыз. Іздеген жетер мұратқа деген сөзді естен шығармаңыз.

Үнем қағидалары

Әлемнің байлығы мен шайлығына қол жеткізгендер кім үнемдей алса, сол бай бола алады деп жатады. Бұл – үлкен еңбек, тіпті бүтіндей бір ғылым. Толық оқып, таныдым деген күннің өзінде оны адамгершілік пен мораль қағидаларына сүйенбей, іс жүзінде қолдану мүмкін емес.

Біршама уақыт бұрын пайда болған саламатты өмір салтын ұстануға көшу тенденциясының осы жылы да жалғасын тауып, кеңейе түсетіндігін атап өтпеу мүмкін емес. Осы бір дұрыс жолға түспегендерге айтарымыз бар: ең болмаса дәрі-дәрмек пен дәрігерлерге жұмсалатын ақшадан үнемдеп көрсе қайтеді? Дәріге қатысты үлкен жеңілдіктерді таба қоюыңыз екіталай, алайда денсаулықты күтіп-баптауға, спортпен айналысуға, ақыл-сананы дамытып, пайдалы демалысқа көшуге арналған акциялар жетерлік. Олардың сіздің тұрғылықты жеріңізге қатысты көпшлігі Шоколайфта жарияланған.

Қаржы, күш және уақытты үнемдеудің арасында тығыз байланыс бар, сондықтан ақша үнемдей отырып біз өзімізге бірнеше бағытта пайда әкелеміз. Бірақ бұл тек өзіңе және қоршаған ортаға дұрыс қарауға ғана қатысты. Мысалы, егер сіз күн тәртібін сақтаймын деп шешіп, ерте жатып, ерте тұрып жүрсеңіз, сүйікті ісіңізбен айналысуға қосымша екі сағат тауып қана қоймай, ұйқыашар сусынға, косметикалық процедураларға, фитнеске, дәрумендерге және тағы басқаға жұмсалатын қаржыдан үнемдейсіз.

Ниет пен іс-әрекет болашақты анықтайды. Егер қандай да бір себептерге байланысты ақша жинай алмай жүрсеңіз, бір сәт ойланып көріңізші, басты мақсат сол ма? Мүмкін өміріңді алдамшы бақыт сыйлауға ғана қауқары жететін дүние жинауға арнағанша, алдымен қолыңда барға қанағат етіп, жаратқанға алғыс айту қажет шығар. Тек сонда ғана өмір сізге керегін беріп, дәулет ұсына алатын болады.

Оқушы Пайдалы кеңестер 22.01.2016 жариялады

1 пікір

үнемдеу мүмкін емес себебі қазір бәрі керсінше қымбаттап жатырғо
114,424 сұрақ
289,758 жауап
152,104 пікір
57,557 қолданушы