Әлеуметтік желі

‪#‎UGC‬ (User-generated content)

* FACEBOOK: Өзі контент жасамайды. Контентті жасаушылар да, өңдеушілер де, тұтынушылар да, модератор, редакторы да өздеріңіз.

* BOOKING: Әлемде бір де бір қонақ үйі жоқ компания. Бір шетінен ең көп қонақ үйі бар компания.

* GOOGLE: Сіздің іздеу сұранысыңызға жауап жазбайды. Google іздеу сервисі. Өзі контент жасамайды, тек дайын контентке жол сілтеуші сайт ғана.

* LINKEDIN: Кәсіби байланыстар орнатуға арналған әлеуметтік желі. Түйіндемені сіздер үшін қосып, түйіндемені өздері жинамайды. Сіз өз түйіндемеңізді өзіңіз қосып, өзіңіз жасап отырасыз.

* INSTAGRAM: Фотосуреттер және видео бөлісуге арналған әлеуметтік желілік онлайн қызмет. Инстаграм қызметкерлері сіздер күнделікті кірсін деп сурет салып тұрмайды. Сурет салушы да, өшіруші де, пікірлеуші де өздеріңіз.

Қандай болмасын жоба жасамас бұрын UGC-ге мән бергендеріңіз дұрыс. Мейлін ол жаңалық сайты бола тұрып, қолданушы еркін пікір қалдыруына жағдай жасаңыз.
Осы ережені баса назарға алсаңыз жобаның өміршеңдігі, сұраныста болуының пайыздық көрсеткіші жоғары болмақ.

p.s. Сұрақ-Жауап сайтының 99%-зы #UGC екенін естеріңізге сала кетейін. Сайттағы 99% контентті сайт қолданушылары жасайды. Нәтижесінде сайттан ешқандай табыс көзі түспесе де өміршең болып, жыл сайын қолданушылар санының артып отыруы user-generated content арқасы.

Данышпан Интернет қолданушы үшін 11.05.2016 жариялады

1 пікір

Admin Жалпы айтқаныңмен келісем. Бірақ СЖ-дағы кейбір мүмкіндіктерді түсінбеймін. Мысалға: Мен жаңа қолданушымын және жауабын білген бір сұраққа жауап бердім ал ол жауап 40 минут болды Модератор тексеруін күтіп тұр. Егер модератор тексеруінен өткізу мүмкіндігі жалғаса берсе оны тезарада тексеру жағын қарастырғаның дұрыс болар. (Осындай пайдалы сайт жасағаның және оны осындай жетістікке жеткізгеніңе ризамын)
114,112 сұрақ
289,249 жауап
151,827 пікір
57,307 қолданушы