Сұрақ-Жауап сайтын қолдану ережесі

Сұрақ-Жауап (surak.szh.kz) сайтын қолдану үшін төмендегі ережелерді сақтауыңыз міндетті. Сайт әкімшілігі мен қонақтардың арасындағы барлық қатынас бақылауда екенін ескертеміз.

Келесім-шарттарды оқып, түсініп, олармен келісулеріңізді сұраймыз:

1. Сайт әкімшілігінің ұстанымы:

1.1. Бұл Қолданушы келісім-шарты Сайт әкімшілігі мен Қолданушы арасындағы Сайтты қолдану барысында туған қатынасты реттейді.

1.2. Сайт әкімшілігі бір мезгілде оның иесі бола тұра Сіздің сайт беттерінен алған әсеріңізден кейінгі тәжірибелік қадамдар нәтижесінде туындаған әрекеттеріңізге ешқандай жауапкершілік бермейді. Әсіресе егер сіз сайт мағлұматтарын дұрыс түсінбеген және қате қабылдаған болсаңыз.

1.3. Сайт иесі сайт сервистерін қолдануға мүмкіндік береді. Сұрақ қою, сақтау, жауап және пікір жазу, сурет, бейнебаян, аудио жүктеу, ақпарат алу қызметтерін пайдалануға жағдай туғызатын дәнекер болып табылады.

1.4. Сайт әкімшілігі Қолданушының рұқсатынсыз сайтты қолдануға қатысты кез келген ережені шығарып, материалдың кез келгенін (техникалық, құқықтық, ұйымдық және басқалар) оқуға, жариялауға шектеу қоюға, өшіруге және өзгертуге құқылы.


2. Сайт әкімшілігінің құқығы мен міндеттері: 

2.1. Сұрақ-Жауап (surak.szh.kz) сайтын басқаруға, өз қалауы бойынша сайттың сервис құрамын, дизайны мен сыртқы келбетін өңдеуге, сайтты жариялауға және сайтқа шектеу қоюға құқылы.

2.2. Сұрақ-Жауап (surak.szh.kz) сайтын дамыту мақсатында сайттың коммерциялық қолданылуына байланысты сайтқа жарнама беру қызметін жүзеге асыруға, іскерлік бағдарламаларға қатысуға құқылы.

2.3. Қолданушының уақытша сайтқа кіруіне мүмкіндік бермеуге, Қолданушы бірнеше рет Сайт  ережесін сақтамаған жағдайда, Қолданушының аккаунтын өшіруге немесе біршама уақытқа құлыптап, шектеп қоюға құқылы.

2.4. Қолданушы сайтқа өзі жүктеген суреттерді, видеоларды, сұрақтарды, жауаптарды және пікір хабарламалар мен материалдарды арнайы уақыт ішінде өңдей алады.

2.5. Сайт әкімшілігі Қолданушылар арасындағы дау-дамайға араласпайды, бірақ қажет деп тапса араласуға құқылы. Сайт әкімшілігі басқа қолданушы атынан шағым түскен жағдайда, шағымды қарастырып егер қажет деп тапса Қолданушының сайтқа кіруіне мүмкіндік бермеуге құқылы.

2.6. Сайт Қолданушылары және сайт Модераторлары мен Редакторлары сұрақты не жауапты жасырғанымен, сайт әкімшілігі қажет деп тапса қайта жариялап ашып қоюына құқылы.

2.7. Сайт администраторы немесе модераторы тұтынушы келтірілген тыйымдарды бұзған жағдайда және де басқа жағдайларда, егер оны қажет және керек деп тапса, кез келген тұтынушының хабарламасын өшіріп тастауға және кез келген тұтынушыны жазалауға (құлып қоюға) құқығы бар. 


3. Сайт қолданушыларына ұсынылатын мүмкіндіктер: 

3.1. Қолданушы сұрақ қойып, жауап жазбастан бұрын міндетті түрде Сайт ережесі және FAQ–көмек -пен танысып шығуға міндетті.

3.2. Сіз сұрақ қойып, оларға жауап беріп және сайтта орналасқан өз жазбаларыңыз бен өзгелердің жазбаларына пікір білдіре аласыз. 

3.3. Сұрақтарға жауап беру арқылы балл жинауыңызға болады.

3.4. Сіздің хабарламаларыңыз сұрақтың тақырыптарына сәйкес келіп, сұраушыны өзін ғана қанағаттандырмай, осы сұрағыңызға қызыққан кез-келген қонақ үшін толығырақ ашылған және дұрыс сұрақ болуы тиіс. 

3.5. Өз ойыңызды толық әрі нақты етіп жеткізуге тырысыңыз. 

3.6. Өзіңіздің е-mail поштаңызды растау арқылы жеке хат жазуға, чатты қолдануға және басқа да сайттан келетін хаттарды айына 2-3 мәрте алып тұруға. 

3.7. Сұрақ қоймастан бұрын сұрағыңызды іздеу мүмкіншілігін пайдаланып іздеп көріңіз, Осы сайтта сізден алдын сұрағыңыздың қойылып қоюы ықтимал. 

3.8. Сайттың ішінен бөлек сайттағы ақпаратты қалдырғанда жауапкершілік толық қолданушының мойынында. 


4. Қолданушыларға не рұқсат етілмеген және ескертусіз өшірілінетін жағдайлар: 

4.1. Ұятсыз, біреуді қорлайтын, боғауыз сөздері бар сұрақтар қоюға және жауаптар жазуға тыйым салынады. 

4.2. Мағынасыз сұрақтар мен мағынасы жоқ жауаптар ескертусіз өшірілінеді. Сұрақты түсінікті, жауапты толық жазуларыңызды өтінеміз. Жауап мәтінінде тек ия, жоқ деп қысқа қайырған жауаптар сайт ережесіне қайшы. Ондай сұрақтар, жауаптар өшірілініп тасталынады.  

4.3. Жауабын өзіңіз "білетін" жұмбақ сұрақ қоюға болмайды. Тек көкейіңізде жүрген, білгіңіз келген, білмейтін, анықтай алмаған сұрақтардың қойылуына рұқсат. 

4.4. Балалық "іс әрекеттің" барлық көрінісіне тыйым салынады және қажет деп табылса сұрағы, жауабы немесе пікірі ескертусіз өшірілінеді. 

4.5. Лексикалық нормаға сай емес сұрақтарға, жауаптарға сайтта жол жоқ. 

4.6. Діни тақырыптағы сұрақтар өшірілініп тасталынады. Діннен хабары бар мамандар жауап бергені дұрыс. 

4.7. Саяси тақырыптағы сұрақтар өшірілініп тасталынады. Саясатқа байланысты үгіт насихат кесірінен сайттың жабылып қалуына жол бермейміз. Ол тақырыптағы сұрақтар ескертусіз өшіріледі. 

4.8. Өзіңіздің немесе өзгенің сайттарын жарнамалауға рұқсат етілмеген. Тез арада ескертусіз ол сұрақ немесе жауап өшіріледі. 

4.9. Кез-келген сайт қонағын немесе қолданушысын ұлттық немесе діни болмысын кемсітуге қатаң тиым салынады. 

4.10. Балалықтың барлық мүмкіндіктері (сөздерді бұзу). 

4.11. Сөздің адасуы яғни мағынасыз сұрақтар мен жауаптар өшірілініп тасталынады (сөйлемдегі сөздің мағынасының жоқтығы). 

4.12. Тек өзінің сілтемесін қою және ұпайын ұлғайту мақсатындағы хабарламалар мен т.б. ескертусіз өшірілінеді.

4.13. Ел-аудан-мекен-ру-ұлт арасындағы дау не болмаса келіспеушілік туғызатын сұрақтар ескертусіз өшіріледі.

4.14. Барлығы үлкен әріппен немесе үлкен кіші әріппен жазылған сұрақтар мен жауаптар ескертусіз өшірілінеді. Оқуға ыңғайсыз сұрақтар мен жауаптар (мысалы: «ҚАЛАЙ АРЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?» «қАлАЙ АрҚтАУға БОлаДы?»). 

4.15. Маған дауыс берші, мына сілтеме бойынша өтіп дауыс берші деген өтініш сұрақ емес сұрақтар ескертусіз өшірілініп тасталынады. Ескерту жасалынып, қайта осы мазмұнда жазбалар жариялай берсе құлыптап тастауға сайт әкімшілігінің және модераторлардың құқығы бар.

4.16. Сайттың ережесіне бағынбай, ескертуге құлақ аспаса қолданушыны құлыптап қажет болған жағдайда сайттан аластатып ескертусіз аккаунтын өшіріп тастауға сайт әкімшілігі құқылы.

4.17. Сұрақ қоярда сұрақтың негізгі жеріне сұрақ туралы түсінікті етіп жазыңыз. Қолданушы сұрақ бетіне өтпей-ақ сұрақтың қандай екенін білуі керек. "Денсаулық туралы сұрақ? немесе Компьютер туралы сұрақ. Не істесем болады? "- секілді сұрақтар өшірілініп тасталынады. Сондықтан сұрақтың негізгі жеріне сұрақ не тақырыпта екенін түсінікті етіп жазыңыз.


5. Қолданушыға жеке хат ретінде жіберілетін және микроблог бетінде жариялауға тыйым салынатын материалдар:

5.1. Қолданушы сол ақпараттың иесі болып табылмаса немесе сол ақпаратты заңды түрде не келісім-шарт негізінде жариялауға не шектеу қоюға құқы болмаса жасырын ақпараттарды жіберуге тыйым салынады. Сол ақпараттың иесі болғанның өзінде оны осындай жолмен жариялауға заңды түрде құқы болмаса ол материалға шектеу қойылады.

5.2. Сауда белгісін насихаттайтын материалдарды , коммерциялық құпияны, копирайтты ақпаратты жеке хат ретінде және микраблог бетінде жариялауға тыйым салынады. Қолданушы өзі жариялаған ақпаратқа жауапты.

5.3. Басқа Қолданушыны кемсіту мәніндегі, беделін түсіру, қорқыту мазмұнындағы, заңға қарсы мәтіндік жеке хат жіберуге және микраблог бетінде жазуға тыйым салынады;

5.5. Нормаға сай емес лексиканы қолданған мәтіндік жеке хаттар мен микраблогтарға;

5.6. Жеке хат арқылы немесе микраблог бетінде порнографиялық мазмұндағы, адамға не жануарларға деген қатігездікке үндейтін мәтіндік хабарламалар мен материалдар, сондай мазмұндағы Интернет сайттарға сілтемелерге тыйым салынады.

5.7. Өзін-өзі өлтіруге үндейтін не осы әрекеттің барысын сипаттайтын мәтіндік хабарламалар мен материалдарға.

5.8. Сұрақ-Жауап (surak.szh.kz) сайтының әкімшіліктің не осы тұлғаның келісімінсіз оның жеке ақпараттарын, байланыс құралдарын жеке хат арқылы және микроблог арқылы таратуға тиым салынады.

5.9. Сайт әкімшіліктің рұқсатынсыз кез келген жарнаманы тарату, жариялау қатаң тыйым салынады. 


6. Сайт беттерінің мазмұны: 

6.1. Сайттағы қолданушы берген ақпарат, сұрақ немесе жауапқа (контент) сайт әкімшілігі жауап бермейді. Қолданушы қалдырған ақпаратқа қолданушының өзі толық жауап береді. 

6.2. Сұрақ-Жауап (surak.szh.kz) сайты  тек сұрақ қойып және жауапты алу мақсатында автоматтандырылған жүйе болып табылады. 

6.3. Сұрақ-Жауап (surak.szh.kz) сайтындағы толық қолданушылар қалдырған ақпарат сайт әкімшілігінің меншігі болып табылады. Қажет жағдайда сайт әкімшілігі сайттың ілгері дамуы үшін кез-келген мақсатта қолдана алады.


7. Жоғарыда келтірілген шараларға сайт администраторы түсініктеме беруге міндетті емес. 

Жоғарыда айтылған ережелердің еш қиындығы жоқ. Ережелерді сақтау сізге және сайт қолданушыларына пайдалы. 


Ережелер жаңартылуы, қажет жағдайда өзгертілуі мүмкін!

Сайтқа қатысты ұсыныс пікірді Кері байланыс арқылы жазуға болады.

114,467 сұрақ
289,962 жауап
152,177 пікір
57,607 қолданушы