Жоба туралы

SZH.KZ – өз сұрағыңды қой

Сұрақ-Жауап сайты – түрлі тақырыпта сұрақ қойып және ол сұрақтарға жауап алу мақсатында қазақ тілді интернет қолданушылар үшін 2010 жылы 10 қазан айында (10.10.2010 ж.) ашылды.

Түрлі тақырыптағы танымдық ақпараттар қазақтілді интернетсүйер қауымның дүниетаным шеңберін кеңейтуге септігін тигізу, қазақ тілді қолданушылардың бір-біріне қол ұшын созуына жағдай жасау басты мақсаты болып табылады.

Сайтта түрлі тақырыпта сұрақ қойып, басқа қолданушылардан жауап аласыз. Басқа қолданушылардың сұрақтарына жауап беріп сауап пен балл жинаңыз. Өзіңіздің білімді, алғыр екендігіңізді көрсетіңіз.

Біздің сайтта Google, Яндекс атты алпауыттан таба алмаған сұрақтарыңызды бізге қойыңыз, біздің қол ұшын созуға үнемі дайын тұратын ең көп жиналған қазақ тілді қауым сіздің сұрағыңызға қуана-қуана жауап береді.

Өз біліміңмен бөлісіп, алғыр екеніңді көрсет.

Онлайн Чатта сайттың белсенділерімен онлайн түрде әңгімелесіңіз. Сізді де сол қауымның ортасынан көрейік осы бетті оқып отырған қолданушы!
Әрбір тіркелген қолданушыларымыз Сұрақ қойып, Жауап беріп, Пікір білдіріп, өз ойын сайтымызда жариялай алады.
Қазіргі кездегі сайттың негізі мақсаты Агент атты шырмауықтың шырмауына оратылып қалған көптеген қазақ тілді қолданушыларға пайдалы ақпарат көзін ұсына алатын, сапалы ақпарат көзі жинақталған ортаны қалыстастыру. Сайтта қолданушылардың оңай ақпарат алмасуына жағдай жасау. Қазіргі кездегі сұранысқа қазақ тілді ақпараттың тапшылығы байқалады, осы орайда жылдам түрде сайттың мәліметтер қорын қолданушылардың өздері арқылы жылдам толық әрі сапалы ақпарат көздерін толықтырып, қолданушылардың сұранысын қанағаттандыру.

Сайтқа алғаш келген қолданушыға сайттың төменгі жағында орналасқан Қосымша Көмек пен Видеонұсқаулықты ұсынамыз. Сол ақпараттар арқылы сайтты еркін игеріп кетулеріңізге жағдай жасап қойдық.
Қолданушыларға ыңғайлы ету мақсатында барлық сұрақтар Санттарға топтастырылған. Әр саланың маманы өзіне қатысты сұрақтар тобын қажетті санатты таңдау арқылы ашып оқи алады. Қолданушылар бетінде сайттағы өте белсенді қолданушылардың тізімі алғашқы бетте көрсетілген. Жинаған баллдары бойынша сорттаулы тізімін көрсеңіздер болады.

Жалпы алғанда сіздер мен біздер болып Қазақ Интернетін сапалы ақпаратқа толтырып, жаңа буын жас ұрпақтарына Қазақша ақпарат көзін жасаудамыз!

Сайтты дамытуға көмектесер ұсыныс-пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді бізге Кері байланыс арқылы жолдай аласыз. Біз сізге міндетті турде жауап береміз, қажет болса сіз ұсынған ойды сайтымызда іске асыруымыз да мүмкін.

SZH.kz- Сұрақ қойып, Жауап ал!

115,170 сұрақ
291,355 жауап
152,560 пікір
58,080 қолданушы